Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4066 0 пікір 1 Желтоқсан, 2009 сағат 06:17

Ғаббас Қабышұлы. Алматы қаласының әкімі А. С. ЕСІМОВ мырзаға АШЫҚ ХАТ

Құрметті Ахметжан СМАҒҰЛҰЛЫ!

Бүгінде көбіміз жамандап жүрген кеңес өкіметінде кімнен болсын келген хатқа он күннен кешіктірмей жауап қайтару деген тәртіп-заң бар еді. Еңбекшілердің хаттарымен жұмыс істеу талабына орай қатты қадағаланып отыратын. Қазірде ол тәртіп жоқ. Ауыл әкімінен бастап президентке дейін жолданған хаттар жауапсыз қала береді. Бір емес, бірнеше рет жазса да. «Өзінің қолына тимеді-ау...» деп тынады хат иелері. Солай болуы әбден мүмкін, мысалы, Сіз әкімдікке тек хат оқып отыру үшін тағайындалған жоқсыз, қаланың барша ішкі-сыртқы шаруасын жарастыруға жіберілдіңіз. Ал сол жұмыстардың қай-қайсысы да қала тұрғындарымен байланыс тығыз болғанда, пікірлесіп отыру жүйелі жүргізілгенде ғана оң шешімін табады деп ойлаймын. Тұрғындардың басшыларға талап-тілегі негізінен хат арқылы жетеді. Ол хаттарда Сіздің тікелей араласуыңыз қажет мәселелер болатыны сөзсіз, демек, олар Сізге міндетті түрде жетуге тиіс, көмекшілеріңіздің немесе әкімдіктің бөлім бастықтарының бірі оқып, «анау ғой, мынау ғоймен» өзінен кейінгілерге сырғыта салмауы керек.

Сырғытқыштардың сырына қанық болған соң, өз кезіміздегі «он күннен кешіктірмеуді» малданып, Сізге көпшілік құрметтейтін «Жас қазақ үні» газетіміз арқылы біраз тілек айтуды жөн көрдім.

Құрметті Ахметжан СМАҒҰЛҰЛЫ!

Бүгінде көбіміз жамандап жүрген кеңес өкіметінде кімнен болсын келген хатқа он күннен кешіктірмей жауап қайтару деген тәртіп-заң бар еді. Еңбекшілердің хаттарымен жұмыс істеу талабына орай қатты қадағаланып отыратын. Қазірде ол тәртіп жоқ. Ауыл әкімінен бастап президентке дейін жолданған хаттар жауапсыз қала береді. Бір емес, бірнеше рет жазса да. «Өзінің қолына тимеді-ау...» деп тынады хат иелері. Солай болуы әбден мүмкін, мысалы, Сіз әкімдікке тек хат оқып отыру үшін тағайындалған жоқсыз, қаланың барша ішкі-сыртқы шаруасын жарастыруға жіберілдіңіз. Ал сол жұмыстардың қай-қайсысы да қала тұрғындарымен байланыс тығыз болғанда, пікірлесіп отыру жүйелі жүргізілгенде ғана оң шешімін табады деп ойлаймын. Тұрғындардың басшыларға талап-тілегі негізінен хат арқылы жетеді. Ол хаттарда Сіздің тікелей араласуыңыз қажет мәселелер болатыны сөзсіз, демек, олар Сізге міндетті түрде жетуге тиіс, көмекшілеріңіздің немесе әкімдіктің бөлім бастықтарының бірі оқып, «анау ғой, мынау ғоймен» өзінен кейінгілерге сырғыта салмауы керек.

Сырғытқыштардың сырына қанық болған соң, өз кезіміздегі «он күннен кешіктірмеуді» малданып, Сізге көпшілік құрметтейтін «Жас қазақ үні» газетіміз арқылы біраз тілек айтуды жөн көрдім.

1.«Шаңырақ» мәселесі. «Ленин десек, партия дегеніміз...» деп жаттап өскеніміздей, «Шаңырақ» десек, Алматының айналасын «заңсыз» қоныс еткен қазақ ауылдары көз алдымызға келе қалады. Ол ауылдардың алғашқы отауы қаладағы жұмысшы жастар жатақханаларынан енші алып шыққан еді.

Сол еншіні бірінші болып берген адамның - қалалық кеңестің атқару комитетінің төра¬ғасы Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділевтің: «Мен келгенде, 1985-жылы, Алматыда тіркелген тұрғындардың 12 пайызы ғана қазақ екен» дегені есімде. Ойдан шығарған жоқ, ресми ақпаратқа сүйеніп айтты. Қалайша? 12 цифры бір миллионнан астам халқы бар қаладағы қазақтардың жалпы санын көрсеткен пайыз емес, заңды тіркеуден өткізіліп, тұрақты алматылық болуы заңдастырылған қазақтардың сандық пайызы еді. Басқа қазақтар «уақытша тұруға тиіс» болды. «Мөлшерлі уақытың біткен соң, қайда кетсең - онда кет!». Өзі туып-өскен жерде, өз республикасының астанасы Алматыда «уақытша» ғана тұруға тиіс ол басқа қазақтар кімдер еді? Олар жоғары оқу орындарымызға ауылдарымыздан жыл сайын жүздеп, мыңдап келетін, бірақ көбі орыс тілінің теперішіне тап болып, ысырылып қала беретін қаракөздеріміз еді. Білімге құштарлығы күштілер келесі жылы бағын тағы сынауға бел байлап, ауылға қайтпай, астананың зауыт-фабриктеріне, комбинаттарына уақытша жұмысқа орналасып, жатақханасына уақытша тіркеліп, кешкі бос уақыттарында дайындық курстарында оқыды. Төраға тізгінін қолына алған Заманбек бұл тірлікті зерттеткен де, жастардың жұмысты алаңсыз істеулеріне, өмір заңдылығына орай тұрмыс құруларына жағдай жасау үшін жатақханалардағы «уақытша тіркеу» заңсыздық деп, «тұрақта тіркеу» туралы қаулы қабылдаған және ол өзгерісінің дұрыстығын табандап дәлелдеген. Сол әрекетін әңгімелегенде: «Сөйтіп, заңсыздықты заңсыздықпен заң¬дылыққа айналдырдым» деп жы¬миятын. Заманбектің сол «заңсыздығы» нәтижесінде айналасы үш-төрт жылда Алматыны тұрақты мекен етуге құқы бар қазақ саны 40 пайыз болды! Халыққа, ертеңгі ұрпаққа қамқорлық осындай болса керек-ті!

Жатақханада тұрып үйленіп, басына бас қосыла бастаған жастардың да жағдайы Заманбекті қатты ойлантқан. Үй болған жастарға әке-шешелері, туыстары келеді, ал барар, жатар жері жоқ, жатақханада ұйлығады. Оны да реттеу керектігін ойластырған төраға қаланың күнбатыс шетінен біраз жер бөліп, отбасылы жас жұмысшылардың жекеменшік үй салып алуларын заңдастыра шешім шығарған. Сол оңды бастама Алматының кейінгі төраға-әкімдері, әсіресе В. Храпуновтың кезінде көкпарға айналды. «Шаңырақ», «Әйгерім», «Бақай» ауылдары тұрғындарын ашынтқан дау-дамайға байланысты тексерулерде қоныстанушыларға «участок бөлу» жөнінде жалған құжаттар берілгені ашылды (қалай «берілгенін» кім білсін!). Бірақ тиісті заң орындары ол пысықайларды іздеген жоқ, алданған жұртты бассалды. Ақыры немен тынғанын, Ахметжан Смағұлұлы, өзіңіз жақсы білесіз: кет-кеттің астында қалған ауылға полицейлер күндіз де, түнде де шабуыл жасап, сап-сау үйлер бульдозермен бұзылып, еңкейген кәрі мен еңбектеген сәби далада қалды. Кісі өлімі болды. Ол өлімге себепші болған айтақшыл шенеуніктер жазаланбады, ауылын, отбасын қорғауға мәжбүр болған жұрт айыпталып, бұрын да биліктің «ішіне жақпай» жүрген азулы ақын Арон Атабек бастаған Азаматтар, кінәлары дәлелденбесе де, ұзақ мерзімге сотталып, түрмеге қамалды.

Сіз келген бетте «заңсыз» орнаған ауылдардың ақталатыны, олар жаңа Алатау ауданына қаратылып, баспаналары заңдастырылатыны туралы жылы лебіз естідік. Әлбетте, қуандық. Қазақты өз жеріне сыйғызбай желкелеп қуу сияқты сұмдық тыйылатын күнге жеттік дестік. Алайда, соңғы кезде дау-дамай қайта шыға бастады. Баяғы «кет те кет!». Жүйкесі тозып титықтаған жандар: «Үйімді бұзғанның қолында өлемін!» деп отыр. Бұл не? Қазақтың баспанасы тағы да бұзылуы, тағы да өлім, тағы да түрме керек пе? Кімге? Кімдерге?

Кейбір шенеуніктер айтады: - Ол ауылдар газ құбырлары төселген жерлерге орнады, оларды көшірмей болмайды! - дейді. Тіпті солай болған күннің өзінде газ құбырларын неге көшірмеске? Өйтуге жұмсалатын шығын нендей құбыр барын білмей баспана салған ондаған мың қазақтың көз жасынан қымбат па? Заңның жілігін шағып, майын ішіп жүрген басшылар Алматының іші-сыртындағы алма бақтарын құртып, орнынан ойына келген құрылысты салып, Медеу мен Шымбұлақтың табиғатын тоз-тоз етіп жүргендерге неге назар аудармайды, ол озбырлықтар қашанға дейін «айтасың да қоясың» болады?

2. Қала көшелеріне ертеректе кімдердің аты қойылғанын қарап отырсақ, не қазаққа, не Қазақстанға ешбір қатысы болмаған кеңестік үлкен шенеуніктердің, тіпті беймағлұм әлдекімдердің фамилияларын көреміз. Әкім В. Храпуновтың тұсында шығарылған «Алматы көшелері» делінген суретті кітапқа көз жүгірткен шығарсыз, яғни мысал келтіруім қажет болмас.

Алматының, Астананың да келісті бір көшесіне аты қойылуы керек бір тұлға бар. Ол - жазушы Александр Александрович Фадеев. Ресейдің шовинист Солженицынды ту етуші кейбір «білгіштері» марқұм Фадеевті (оны ғана ма?!) «жазушы емес, сталиншіл белсенді!» деп беталды ғайбаттап жүр, ал анығында ол репрессия кезінде қаламгерлерді шамасы келгенінше қорғап отырған. Одақтас республикалардағы ұлт жазушыларына жасаған жан-жақты қамқорлығы өз алдына. Бізге қатыстысы - әдебиетіміздің екі алыбы Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсіреповті «халық жауларын» іздеп аласұрған албастылардан қорғап қалған¬дығы. Мұхаң студент-шәкірті Әнуар Әлімжановтің ұйымдастыруымен 1953-жылы көктемде Мәскеуге жасырын аттандырып жіберілді. Ол оқиға жайында Мұхаңның: - Мен үшін басын балтаның астына тосқан Әнуардің азаматтығына өлсем топырағым разы! Егер ол қашып кетудің алуан түрлі айласын таппаса, мен қазір Мәскеудің мынандай төрінде емес, Алматыдағы түрмелердің біреуінің түбінде отыратын едім, - дегені бар. Ақиқат сөз. А.Фадеевтің одақтық, республикалық партия басшыларына Мұхаңды жазықсыз қудалауды тоқтату туралы хат жазып, қимас досын қашан жағдай түзелгенше бір жылдан аса Мәскеуде ұстап, Мемлекеттік университетке жұмысқа орналастырып, аман сақтап қалғаны хақында мен нақты ақпарлы хикая жаздым. Ал А. Фадеевтің Ғабеңе қандай жақсылық жасағаны қаламгер-ғалым Тоқтар Бейісқұловтың «Ғабит Мүсірепов қалай аман қалды?» деп аталған әдеби-тарихи зерттеу еңбегінде («Жанталас өмір» жинағы) тиянақты жазылған.

Демек, Ахметжан Смағұлұлы, қаланың көрнекті жаңа көшелерінің біріне А. А.Фадеевтің атын қойып, оңтайлы тұсына не үшін қойылғаны айтылған ескерткіш тақта орнату жөн болады емес пе?

3. «Лимиты», запрошенные руководителями региональных парторганизаций и утвержденные ПБ (политбюро, - Ғ. Қ.). Регион - Казахская ССР. Расстрел - 2346. Высылка - 4403... Ежов (или его помощики) свел воедино данные о намечаемых массовых репрессиях, полученные уже практически из всех регионов страны. И, несколько скорректировав, сделал их руководством к действию местных управлений вверенного ему НКВД... Казахская ССР. Расстрел - 2500. Высылка - 5000.

Бұл - тарихшы Ю. Н. Жуковтың «Иной Сталин» деген кітабынан алынды (Мәскеу, «Вагриус» баспасы, 2007 г.).

Л. Мирзоян қол қойған сұрауда жазалануы керек «халық жауының» саны 6749 болса, ол 7500 болып үстеп бекітіп берілген.

Кітапта одан кейін мынадай дерек бар:

«13 июля (1937-жылғы, - Ғ. Қ.) первый секретарь ЦК КП(б) Казахстана Л. И. Мирзоян направил в Москву на имя Сталина шифротелеграмму следующего содержания: «Во время сьезда компартии Казахстана кандидатура председателя Казахского ЦИК тов. Кулумбетова после длительного обсуждения на пленуме сьезда тайным голосованием была провалена. Основным мотивом отвода и провала был факт перехода в 1919 г. тов. Кулумбетова с оружием в руках на сторону врага. За последние два месяца после сьезда ряд арестованных участников контрреволюционной рыскуловской и нурмаковской организации показывают на Кулумбетова как на одного из активных участников этой национал-фашистской организации...»

Мұндай «түсініктен» соң «ұлтшыл-фашистерге» аман қалу қайда...

1937-1938 жылдардағы зобалаңда біздің зиялылар қауымындағы біраз ағаларымыз екіленіп шығып, ежелден жақсы таныс-біліс жолдастарына шоқпар ала ұмтылып, «халық жауларын әшкерелеу» науқанын қыздырып, ауыздарына келген кесапат сөзді айтты, қолынан келген жамандықты жасады. Кешегі дос-жолдасын жау, фашист етіп қаралады. Сондай сойқан кезінде Сәбит Мұқанов Мирзоянға екі рет хат жазып, ушығып бара жатқан сұмдықты тоқтатуға күш салуды сұрапты, бірақ не ауызша, не жазбаша жауап ала алмапты.

Мирзоян Қазақстанды 1933-1938 жылдары басқарды. «Мырзажан» атаныпты. Не үшін? Келген бетте халыққа, қазақтың ұлттық мәдениетіне біраз жақсылық жасағаны үшін шығар. Ал сол халықтың асыл перзенттері, сол ұлттық мәдениеттің тарландары нақ Мирзоянның тұсында қырып-жойылды емес пе?! Ол, мысалы, тек қаламгерлерімізді айтқанда: Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтар, Сәбит ағаларымызбен қарым-қатынаста болды, кімнің кім екенін жақсы білді. Олардың халық алдындағы қадір-қасиеттерін көріп жүрді. Ендеше, алдыңғы үш арысымызды неге аттырып жіберді? Мәскеуден оларды да атап-түстеп көрсеткен тізім түскен жоқ еді ғой?!. Меніңше, Мирзоян да «бірің өліп, бірің қал!» саясатты ұстанды. Оның «Мырзажан» деп аталуы да сол саясатқа жетік болғандығынан. Қайран қазекем малын қырған Голощекинді қарғап-сіледі, ал малына тиіспей, тілін емізіп, қайраткерлерін қырған Мирзоянды әлі күнге «Мырзажан» дейді. Ал түсініп көр.

Демек, Ахметжан Смағұлұлы, Алматы көшесінен Мирзоянның атын өшіру жөн болмақ.

4. Қала шегінде әртүрлі ескерткіш орнатылып жатыр. Естуімізше, қала қаржысына емес, қалталы ағайындардың есебінен көрінеді. Жауырын, асық, жілік дейсің бе, алапес жылқы мен түйе дейсің бе, ең көрнекті жеріміз Көктөбеде әлдекімдерді бейнелеген топмүсін дейсің бе... неше түрлі бар. Оның есесіне арыдан: Алдар көсе мен Қожанасыр, Жиренше шешен мен Тазша бала бейнелері неге жоқ? Беріден: Қажымұқан, Әміре, Балуан Шолақ, Құрманғазы, Күләш, Шара, Серке... неге ескерілмейді? Қазақтың ұлттық нышаны - домбыра неге ұмыт қалды? Консерватория ғимараты алдында Домбыра-ескерткіш неге тұрмасқа? Қалталы ағайындар игі іс жоспарын қала басшыларымен кеңеспес пе, келіспес пе? Сондай-ақ, Жібек жолы көшесінің Абылай хан даңғылы мен Фурманов көшесі аралығындағы алаңшаны «Арбат» деп атау, Мәскеудегі Арбаттың көшірмесі кімге керек болды. Ол аралықты, меніңше, «Суретшілер алаңы» деу дұрыс болады, себебі қала ғана емес, облыс суретшілері сол жерді жаңа туындыларын көрсететін, сататын орынға айналдырды. Өте дұрыс!

5. Құрметті Ахметжан Смағұлұлы, Сізге айтар және бір тілегім бар. Мұны қала тұрғындарының атынан айттым десем, кінәлі бола қоймаспын, өйткені көптен естіп жүрмін. Пәтерақы төлемінің есеп-шотында «Мүлік салығы - Налог на имущество» бар екенін білетін шығарсыз. Ол не екен десек, пәтеріміздің іргетасы (фундаменті) тұрған аумақ (участок) екен. Ол үшін жылда пәлен мың теңге төлеп жүрміз. Бұл қай қисын? Қайдан, қашан шыққан заң? Үлкеймейтін де, кішіреймейтін де, ешқайда көшпейтін де аумақ үшін жыл сайын ақы төлеу, мысалы, саусағымыздағы неке сақинамыз үшін оны сатқан дүкенге жылда құнын төлеп тұру емес пе?

Осымен тәмәм.

Сізге тек жақсылық тілеймін және, әлбетте, жақсы жауабыңызды күтемін.

"Жас қазақ үні" газеті №43-44   20.11-27.11.2009 ж.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322