Алматыда газ құбырындағы апат жойылды
Алматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматының Әуезов ауданының «Қалқаман-2» шағын ауданында орналасқан 563 жеке меншік үйдің тұтынушыларына табиғи газ беру қалпына келтірілді. Олар өткен дүйсенбіде магистральді газ құбырындағы апатқа байланысты газбен қамту жүйесінен ажыратылған болатын, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.
Қаланың жедел әрекет етуші күштері министрліктің дағдарыс орталығына хабарлаған мәліметтерге сілтеме жасаған ТЖМ «АГС Сервис» ЖШС-інің 5 маманы 1 техниканы пайдалана отырып жүргізген апатты-қалпына келтіру жұмыстары сейсенбі күні 16 сағат 45 минутта толығымен аяқталғанын хабарлайды.
Бұрын хабарланғандай, оңтүстік мегаполисте Елубай және Исатай батыр көшелерінің қиылысындағы газ құбырындағы ақау 30 қарашада 17 сағат 15 минутта құрғап қалған ағаштың құбырдың үстіне құлауы салдарынан болған.