Үкімет бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 2010 жылдың бірінші немесе екінші тоқсанында көбейту мүмкіндігін қарастырып жатыр
Астана. 3 желтоқсан. ҚазТАГ. ҚР Үкіметі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 2010 жылдың 1 шілдесінен емес, бірінші немесе екінші тоқсанында көбейту мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Бұл туралы премьер-министр Кәрім Мәсімов сәрсенбі күні Қазақстан кәсіподақтары федерациясының (ҚКФ) төрағасы Сиязбек Мұқашевпен кездесуде мәлім етті.
«Премьер-министр қазіргі уақытта бірқатар министрліктердің басшыларынан және Қазақстан кәсіподақтары федерациясының өкілдерінен құралған жұмыс тобының бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көбейту мерзімін 2010 жылдың I немесе II тоқсандарына ауыстыру туралы ұсынысы қаралып жатқанын хабарлады», - делінген премьердің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сонымен қатар, К Мәсімов биылғы жылдың соңына дейін бұл мәселе бойынша бірлескен кеңес өткізуді ұсынды.