Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2912 0 пікір 3 Желтоқсан, 2009 сағат 07:23

Қарағанды облысындағы қыстақта адамдарға қасқыр шабуылдаған

Қарағанды. 3 желтоқсан. ҚазТАГ -  Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Кенеш қыстағында аудан орталығынан 150 шақырым жерде адамдарға қасқыр шабуылдаған. Жыртқыштан үш адам зардап шекті, олардың арасында бір әйел бар.

Облыс ІІД-нің хабарлауынша, оқиға 1 желтоқсанда таңғы сағат бесте болған. Қыстақтың 66 жастағы тұрғыны иттер үрген соң аулаға шыққанда, сарайдың маңында тұрған ересек қасқырды көрген. Әйел ерлерді көмекке шақырған. Бірақ қасқыр көмек жеткенше шабуылдап үлгерді. Жүгіріп келген азаматтар әйелдің қасқырдың азуынан аман алып қалды, бірақ өздері де зардап шекті. Әйел ауыр халде Қарқаралы ауруханасына жеткізілді. Екі адам орташа ауыр жарақаттар алды. Оқиға орнына келген кәсіби аңшылар қасқырды атып өлтірді.

Санитарлық-ветеринарлық қызмет сараптама жүргізеді. Зардап шеккендердің бәрі құтыруға қарсы егіледі.

Биыл Қарқаралы ауданында қасқырлардың адамдарға шабуылдау оқиғасы осымен екінші рет тіркеліп отыр.

Ал Қарқаралы қаласының тұрғындары иттерден зардап шегуде. 2 желтоқсанда алабай текті ит 10 жастағы қызға бас салған. Беті, саны және балтырынан ит тістеген бала ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен қыздың анасы полицияға иттің иесін жауапқа тарту туралы арыз жазды.

0 пікір