Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3109 0 пікір 4 Желтоқсан, 2009 сағат 11:33

Қазақстан Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімді ратификациялады

Астана. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  «Кеден одағы комиссиясының хатшылығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды жұма күні президенттің баспасөз қызметі.

Аталған келісіммен Қазақстан, Ресей және Беларуссияның Кеден одағы (КО) комиссиясының жұмыс органы ретінде хатшылықтың функциялары, қызметін қаржыландыру, қызметкерлері анықталады. 

Хатшылықтың бюджеті КО-ға мүше мемлекеттердің салымдарының есебінен құрылады.

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кедендік одағы 2010 жылдың 1 қаңтарында құрылуға тиіс, бірақ 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап толыққанды қызмет ете бастайды. Одақтың кеңістігіндегі ортақ кедендік тариф 2010 жылдың 1 қаңтарында, ал кедендік кодекс 2010 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді деп жоспарланған.

0 пікір