Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3055 0 пікір 5 Желтоқсан, 2009 сағат 08:25

Қазақстан-қытай ынтымақтастық комитеті өзара ықпалдастықтың әр саласында айтарлықтай алға жылжушылық барлығын айтады

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ– Қазақстан-қытай ынтымақтастық комитетінің Бейжіңде 4-ші желтоқсанда өткен 5-ші отырысында өзара ықпалдастықтың әр саласында айтарлықтай алға жылжушылық барлығын атап өтілді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Комитет пен оның бөлімшелерінің өткен екі жылда атқарған жұмысына қорытынды жасай отырып, тараптар «ортақ күш-жігердің арқасында екі жақты ынтымақтастықтың әр саласында айтарлықтай прогреске қол жеткіздік», деген ортақ пікірге келді, - делінген таратылған хабарда.

Қазақстандық делегацияны келіссөздерде бірінші вице-премьер Өмірзақ Шүкеев, қытайлық делегацияны – мемлекеттік кеңес премьерінің орынбасары Ван Цишань бастады.

Отырыс барысында тараптар қаржы саласындағы, инфрақұрылымдық құрылыс, энергетика, геология мен қойнауды пайдалану, көлік және кедендік іс, қорғаныс пен қауіпсіздік, шекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық  және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады делінген хабарда. 

«Тараптар комитеттің 2007 жылғы отырысынан кейінгі табысты болған ҚР президентіні Н. Назарбаев пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның 2008 жылғы тамызда Бейжіңде болған кездесуі, президент Н. Назарбаевтың 2009 жылы сәуірде Қытайға жасаған мемлекеттік сапары, ҚР премьер-министрі К. Мәсімовтың және ҚХР мемкеңестің премьері Вэнь Цзябоның 2008 жылы жасаған өзара жемісті сапарлары қазақстан-қытайлық стратегиялық әріптестік қарым-қатынасын алға жылжытуда маңызды оқиға болғанын атап өтті», деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазақстан-қытай ынтымақтастық комитетінің 5-ші отырысы бойынша хаттамаға қол қойылды.

Сол күні Халық жиналысы үйінде Ө. Шүкеевтің ҚХР мемкеңес премьері Ван Цишанмен және жалпы қытайлық жиналысының тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен жеке кездесулері болып өтті. Тараптар өзара қызықты проблемалар бойынша терең , жан-жақты пікір алмасты.

Қазақстан-қытай ынтымақтастық комитетінің 5-ші отырысы аясында «Қазақстан-Қытай: сауданы дамыту арқылы өзара гүлденуге қол жеткізу» атты бизнес-форум ұйымдастырылып, оған екі елдің 150-дей кәсіпкерлері қатысты.

0 пікір