Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5139 0 пікір 7 Желтоқсан, 2009 сағат 06:15

Халық жазушысы «Еңбек ері» атанды

Қазақ әдебиеті мен қазақ ойының кәтепті қара нары, жазушысы, саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев 70 жасқа толды. Мерейтой иесін Елорданың төрінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтап, ақжал толқын атып аунаған сындарлы жылдарда қасынан табылған шынайы досы, ел тәуелсіздігінің   нығая түсуіне бар қажыр қайратын, ақыл парасатын көл-көсір етіп жұмсап келе жатқан заңғар тұлға - Әбіш Кекілбаев сынды қазақ халқының біртуар перзентіне ақ тілегін ақтарды.


- 1982-жылы Германияның «Фолконт верт» баспасы 20-ғасырдың үздік жүз қаламгерінің тізімін жасап, портреттерін тізді. Сол тізімдегі Арагон, Антуан де Сент Экзюпери, Тагор, Шолохов, Стейнвик, Пастернак, Семенион, Кальвида, Неруда, Айтматов, Ғамзатов, Маяковский, Блок және тағы басқа атақтылардың арасында біздің Әбіш Кекілбаев та тұр. Жұртының мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай, осындай қазақ елімізде көбірек болса екен деп тілеймін
, - деді ағынан жарылған Елбасы.

Қазақ әдебиеті мен қазақ ойының кәтепті қара нары, жазушысы, саясаткер, көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев 70 жасқа толды. Мерейтой иесін Елорданың төрінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтап, ақжал толқын атып аунаған сындарлы жылдарда қасынан табылған шынайы досы, ел тәуелсіздігінің   нығая түсуіне бар қажыр қайратын, ақыл парасатын көл-көсір етіп жұмсап келе жатқан заңғар тұлға - Әбіш Кекілбаев сынды қазақ халқының біртуар перзентіне ақ тілегін ақтарды.


- 1982-жылы Германияның «Фолконт верт» баспасы 20-ғасырдың үздік жүз қаламгерінің тізімін жасап, портреттерін тізді. Сол тізімдегі Арагон, Антуан де Сент Экзюпери, Тагор, Шолохов, Стейнвик, Пастернак, Семенион, Кальвида, Неруда, Айтматов, Ғамзатов, Маяковский, Блок және тағы басқа атақтылардың арасында біздің Әбіш Кекілбаев та тұр. Жұртының мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай, осындай қазақ елімізде көбірек болса екен деп тілеймін
, - деді ағынан жарылған Елбасы.


- Менің атыма, қарапайым отандасыңызға көрсеткен пейіл-ықыласыңызды Алла қабыл көрсін. Жұрт алдындағы азды-кем еңбегімді аса жоғары бағаладыңыз.
Қазақстан Республикасының еңбек ері атағын беріп, омырауыма «Алтын жұлдыз» қададыңыз. Бұл аса зор баға, биік құрмет. Жер бетінде қаламгер еңбегінің қадірі азайып, қасиеті кеміп жатқанда, біздің елімізде ол бұрынғысынша ардақталып, бұрынғысынша ұлықталуда, - деп жауап қайырды мерейтой иесі.

Халық жазушысы, сенат депутаты Президент Назарбаевтың Жарлығы бойынша «Қазақстанның еңбек ері» атанды.

Әбіш Кекілбайұлымен қатар сол күні «Қазақстанның еңбек ері» атағы, еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі мен өндірістік қызметтегі үздік жетістіктері үшін, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданындағы «Қаркен» серіктесігінің директоры Сайран Бұқанов пен Шығыс Қазақстан облысы «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамының президенті Бағдат Шаяхметовке де берілді.


Заңғар жазушының салтанатпен аталып өткен мерейтойының үстінде ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры Мырзатай Жолдасбеков:

- Әбіш, сен толқитындай оқиға болды, бауырым. Бұл атаққа Әуезов жете алған жоқ. Өзің білесің, өзге де даналар жете алған жоқ. Сен жеттің. Сенің жеткенің бүкіл әдебиеттің жеткені. Сенің жеткенің бүкіл мәдениеттің, руханияттың, қазақ өркениетінің жеткені, -  деді.

 

Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі  білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. 
1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. 
Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. 
Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. 
Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр  «Лениншіл Жастың»  белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология  факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады.  Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.  
1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде, 
1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында, 
1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 
1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 
1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары, 
1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 
1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы, 
1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 
1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, 
1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 
1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі. 
1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 
1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді. 
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. 
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ»,  1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 
2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» атты еңбектері тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 
2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. 
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығын 1986 жылы, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығын 1995 жылы, «Отан» орденін 1999 жылы, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

 

Мерейтой иесінің қысқаша өмірбаяны мен шығармашылығы туралы деректер

www. Kekilbaev. kz сайтынан алынды.

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371