Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2372 0 пікір 7 Желтоқсан, 2009 сағат 08:17

Қытай 3 млн тоннаға дейін қазақстандық астықты сатып алып, өз аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға транзиттей алады

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Қытай 3 млн тоннаға дейін қазақстандық бидайды сатып алып, өз аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияға транзиттей алады, деп мәлім етті бірінші Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, бұл мәселе Бейжіңде Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық туралы кіші комитеттің отырысында талқыланған..

«Отырыстың қорытынды құжатына сәйкес, ауыл шаруашылық министрлігі мен азық-түлік импортымен айналысатын компанияға, темір жолдарға Қытай аумағы арқылы 3 млн тонна астықтың транзитін ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырып, пысықтау және Қытайдың ішкі қажеттілігі үшін сатып алу мәселесін қарастыру тапсырылды», - деді ол дүйсенбі күні үкіметтің селекторлық кеңесінде.

Ө. Шөкеев «бұл өте маңызды шешім» екенін атап көрсетті.

«Бізде отандық астықты экспорттау үшін жаңа бағыт пайда болады», - деді вице-премьер.

Ол ҚХР аумағы арқылы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне транзиттеу  немесе 3 млн тоннаға дейін астықты экспорттау мүмкіндігін қарастыруды Қазақстан жағы көтергенін жеткізді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395