Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2620 0 пікір 7 Желтоқсан, 2009 сағат 08:19

1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 274 млрд теңге соманың облигациялары бойынша 25 дефолтқа жол берілді – ҚҚА

Алматы. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – 2009 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша  274 млрд теңге соманың корпоративті облигациялары бойынша 30 дефолтқа жол берілді.   Бір жарым жылдың ішінде бес компания қарызын толығымен өтеді. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) дүйсенбі күні осындай ақпарат таратты.

«Бір жарым жылдың ішінде 30 компания қазақстандық құнды қағаздар нарығында купондық облигациялары бойынша дефолтқа жол берді. Олардың қатарындағы бес компания бүгінгі күні қарыздарын түгел өтеп болды. Осылайша, ҚҚА-ның ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша жалпы номиналдық құны 273,975 млрд теңге болатын облигациялардың 43 шығарылымы бойынша 25 компания дефолтқа жол берген», - делінген ҚҚА хабарламасында.

Осы 25 компанияның үшеуі  – «Альянс банк» АҚ, «Билд Инвестмент Групп» және «Эль-Дос» купондық сыйақы ғана емес, негізгі қарыз бойынша да дефолтқа жол берген.

«Альянс Банк» АҚ, «Билд Инвестмент Групп» және «Эль-Дос»  облигацияларының үш шығарылымы бойынша купондық сыйақы төлеу және негізгі қарыздың сомасы бойынша дефолтқа жол берді. Қалған 40 шығарылым бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша дефолтқа жол берілді», - делінген хабарламада.

Алты эмитент өз облигациялары бойынша қайтлама дефолтқа жол берді, олар: «Трансстроймост» АҚ, «Роса», «Казнефтехим», «Досжан Темір Жолы», «Рэмикс-Р» және «Комбиснаб».

Сонымен қатар, ҚҚА инвесторлар құқығын қамтамасыз ету аясында осы тізімдегі бірқатар компаниялардың акцияларын орналастыруды тоқтатты.

«Заңмен белгіленген уәкілеттік шеңберінде Агентсттік бірқатар эмитенттерге қатысты шара қолданды, атап айтқанда, инвесторлардың құқығын қамтамасыз ету мақсатында төмендегі облигацияларды орналастыруды тоқтату туралы шешім қабылданды: «Zhansaya producing» АҚ («Алматы ликер-арақ зауыты»), «Рэмикс-Р», «Инвестиция мен даму қазақстандық компаниясы», «Комбиснаб», Glotur, «Инвестициялыќ даму орталыѓы LTD» ЖШС, « «Капитал Инвест Холдингтік компания», «Вишневское», «Бабык  Бурлук фирмасы», «Зеренді-Астық», «Викторовское», «Қазэкспортастық» Агрофирмасы» және «Астана-Финанс» АҚ, - деп нақтыланған ҚҚА хабарламасында.

2009 жылы дефолтқа жол берген үш эмитент «Казнефтехим», «Трансстроймост» және «Zhansaya Producing» бойынша облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу немесе эмитенттердің банкроттығы бойынша сот өндірістері басталды.

0 пікір