Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2619 0 пікір 7 Желтоқсан, 2009 сағат 08:21

Премьер мерекелік шаралар қарсаңында қоғамдық орындардың өртке қарсы қауіпсіздігін тексеруге тапсырма берді

Астана. 7 желтоқсан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Премьер-министр Кәрім Мәсімов мерекелік шаралар қарсаңында қоғамдық орындарда өртке қарсы қауіпсіздік бойынша тексеру жүргізуді тапсырды.

«Мен ТЖМ-ге, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға байланысты өтетін мерекелік шаралар, соның ішінде балалардың тәңертеңгіліктері қарсаңында тапсырма беремін. Алдын алу мақсатында барлығында (қоғамдық орындардың - ҚазТАГ) төтенше жағдайларды болдырмау бойынша тексеру жүргізілсін», - деді ол дүйсенбі күні селекторлық кеңесте.

Премьер демалыс күндері Ресейдің Пермь қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты  осындай тапсырма беріп отыр.

«Ресей жағына Перьмде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын... біздегі жағдайлар ұқсас деп ойлаймын, сондықтан қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін мұқият болу керек», - деді К. Мәсімов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397