Павлодардағы қатаң тәртіптегі колонияда сегіз адамнан ВИЧ-инфекция анықталды
Павлодар. 9 желтоқсан. ҚазТАГ.- Дәрігерлер Павлодардағы АП 162/3 қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеп жатқан сегіз азаматтан ВИЧ-нфекция анықтады. Осылайша, соңғы айда бұл мекемеде Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышына (АҚТҚ) шалдығудың 19 оқиғасы тіркелді.
Еске сала кетейік, қараша айында АП-162/3 мекемесінде АҚТҚ-ға жаппай шалдығу оқиғасы анықталған. Ол кезде ҚАЖК облыстық басқармасы мен ЖҚТБ ОО-ның басшылығы індетті 11 адам жұқтырды деген күдік бар екенін, бірақ республикалық референс-зертханадан нәтижені күту қажеттігін айтқан болатын.
«Бүгін соңғы үш нәтиже алынды, 100 пайыздық зерттеу АҚТҚ індетінің 19 оқиғасын көрсетіп отыр», - деп мәлім етті сейсенбі күні баспасөз мәслихатында ЖҚТБ ОО эпидемия бөлімінің меңгерушісі Наталья Бабина.
ЖҚТБ орталығының дәрігерлері індетті жұқтыру сотталғандардың есірткіні инъекциялық жолмен тұтыну кезінде болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
«Бір топта бір шприц және есірткі заты үшін бір сыйымдылық пайдаланылғаны ықтимал. Індет жұқтырғандардан сұрастыру барысында да осы жағдай қуатталып отыр», - деді Н. Бабина.
Қазір арнайы комиссия колонияда адамдардың жаппай індет жұқтыру оқиғасы бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

«Біз ВИЧ індетінің ошағын оқшаулау шаралары аяқталғаны туралы денсаулық сақтау және әділет министрліктеріне есеп беріп жатырмыз», – деді меңгеруші.
ҚАЖКБ мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың қаңтарынан қазан айына дейін Павлодардағы алты колонияда жүргізілген жоспарлы тексерулер барысында АҚТҚ-ға шалдығудың 16 оқиғасы анықталған.