Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2766 0 пікір 9 Желтоқсан, 2009 сағат 14:41

ТҮНЕК

Кімде-кім Санджай Лил Бхансалидің «Үзілген үміт» (Түнек) фильмін көрсе, маңдайындағы қос шырақтың қадірін ұғынудың қаншалық екендігін сезінер еді.... Әрине, ол үнді фильмі. Ал, шынайы өмірде, «мәңгілік тұрақтылық бесігі һәм ұдайы өсім елі» Қазақстанда, Талғар қаласында мынадай «тамұқ» барына сенер ме едіңіз? Сенбесеңіз де, мына суреттер лажсыз иландырады. Зағип мүгедектерге арналған үй... қуықтай-қуықтай 20 бөлмеде 20 отбасы тұрады. Үй деуге аузың бармайтың мына бөлмелерде не ыстық су тартылмаған, не орталық жылуға да қосылмаған. А-а, тыста душ бар екен-ау... өз қазандықтары да болыпты. Алайда, жұмыртқадан жүн қырыққан қайбір шенеуніктер қазандық орналасқан жер бөлігін сатып жіберген, оны ысырып тастап, орнына қонақүй салыныпты. Ал, зағип отбасылардың балалары ең сүйікті ойындары ретінде - тышқан қуалау, оларды бақылау екендіктерін атапты. Солай... ал осы уақытта облыс әкімі Серік Үмбетов төртінші рет өткізілген Азаматтық форумда «Таным» сыйлығын алып жатты.

Қазақстан мұсылмандары Одағының

баспасөз қызметі

0 пікір