Темiрбанк басшысы директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды
Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Темiрбанк басшысы директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Банк баспасөз қызметі бейсенбі күні осындай ақпарат таратты.
«2009 жылы 2-ші желтоқсанда «Темірбанк» АҚ кредиторларының кезектен тыс жиналысы өтіп, онда директорлар кеңесінің жаңа мүшесі етіп, қазір банк басқармасының төрағасы қызметін атқаратын Ержан Шайкенов сайланды», - делінген бан таратқан хабарда.
ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) мәліметтеріне сәйкес, «Темiрбанк» активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы банктердің арасында оныншы орында. 2009 жылдың қаңтар-қазанында оның активтері 204,7 млрд теңгені, жеке капиталының дефициті 61,17 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңдегі жабылмаған шығыны 110,8 млрд теңге болды. Банктің негізгі акционері – «Темірбанк» қарапайым акцияларының 70% жуық иелік ететін БТА банк. 2009 жылдың 23 қарашасында банк өзінің міндеттемелері бойынша дефолтқа жол беріп, өз міндеттемелерін қайта құрылымдауды жоспарлап отырғанын жариялады. ҚҚА-мен келісімге сәйкес, банк 2009 жылдың соңына дейін қайта құрылымдау шарасын аяқтауға тиіс.