Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2610 0 пікір 11 Желтоқсан, 2009 сағат 18:25

СӨЗДЕРІНЕ СЕНГЕНІМ ҮШІН КІНӘЛІМІН

«Айқын» газетінің 8-желтоқсан күнгі санында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың «Мені «қол қойды» деп, сыртымнан тізімге енгізіп жіберіпті» деген сұхбаты жарық көріпті. Онда халық әртісі өз ойын былай шегелепті: «Мен саясаттың адамы емеспін. Жалпы, ұлтқа үлесін қосқысы келсе, әркім өз орнында қоссын. Ақынсың ба - өлең жаз, актерсің бе - ойна, режиссерсің де - қой, әншісің бе - айт!» дейді. Дұрыс-ақ. Айналаңның бәрі тып-тыныш, мамыражай шақта осылай етуге болады. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы ендіргелі отырған, қалың көпшіліктің талқылауына ұсынылған, қазақ ұлтын тікелей жоюға алып баратын «Ел бірлігі» доктринасына да үнсіз бас изеп отыра береміз бе? Елдік, ұлттық мүддеге сезімі селк етпейтін ақын мен актердің өлеңі де, ойыны да жалған азаматтық, жалған патриоттық емес пе? Досхан тағы бір сөзінде «Ұлт мүддесін қазір айтпасақ айрылып қаламыз дегеннің бәрі далбаса! Тіл туралы айқайлағанымызға көп болды, ал содан не өзгерді? Біздікі әншейін көпірме сөз» депті. Осы сұхбатында Жолжақсынов «Ел бірлігі» доктринасын қолдайтынын айта келіп: «...өзіммен келіспей, алып барып жапсыра салу - жақсылыққа апармайтын нәрсе» дей келе, доктринаға қарсы адамдардың тізіміне енгізілгеніне қарсылық білдіреді. Оқиға былай болып еді.

«Айқын» газетінің 8-желтоқсан күнгі санында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың «Мені «қол қойды» деп, сыртымнан тізімге енгізіп жіберіпті» деген сұхбаты жарық көріпті. Онда халық әртісі өз ойын былай шегелепті: «Мен саясаттың адамы емеспін. Жалпы, ұлтқа үлесін қосқысы келсе, әркім өз орнында қоссын. Ақынсың ба - өлең жаз, актерсің бе - ойна, режиссерсің де - қой, әншісің бе - айт!» дейді. Дұрыс-ақ. Айналаңның бәрі тып-тыныш, мамыражай шақта осылай етуге болады. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы ендіргелі отырған, қалың көпшіліктің талқылауына ұсынылған, қазақ ұлтын тікелей жоюға алып баратын «Ел бірлігі» доктринасына да үнсіз бас изеп отыра береміз бе? Елдік, ұлттық мүддеге сезімі селк етпейтін ақын мен актердің өлеңі де, ойыны да жалған азаматтық, жалған патриоттық емес пе? Досхан тағы бір сөзінде «Ұлт мүддесін қазір айтпасақ айрылып қаламыз дегеннің бәрі далбаса! Тіл туралы айқайлағанымызға көп болды, ал содан не өзгерді? Біздікі әншейін көпірме сөз» депті. Осы сұхбатында Жолжақсынов «Ел бірлігі» доктринасын қолдайтынын айта келіп: «...өзіммен келіспей, алып барып жапсыра салу - жақсылыққа апармайтын нәрсе» дей келе, доктринаға қарсы адамдардың тізіміне енгізілгеніне қарсылық білдіреді. Оқиға былай болып еді. Кілең әдебиет, өнер қайраткерлері бас қосқан жиында республикамыздың халық әртістері Досхан Жолжақсынов пен Асанәлі Әшімовты кездестіріп қалдым. Досхан «Ел бірлігі» доктринасына риза еместігін сездіре келіп, бұл мәселе төңірегінде өзінің бізбен бірге болатынын ашық айтты. Осы сөзіне сенгендіктен Досханды аштық жариялаушы әдебиет, өнер қайраткерлерінің тізіміне ендірген мен едім. Сондықтан Досханға қол қойдырып алмағаныма және сөзіне аңғалдықпен сеніп қалғаныма кешірім сұраймын. Сол жиында Асанәлі ағамыз да бізбен бірге болатынын мәлімдеген-ді. Қағазға қол қоймаса да ол сөзінде тұрды. Ұлт мүддесі төңірегінде өтіп жатқан жиындардың бәрінде бізбен бірге жүр.

Телефон арқылы маған келісімін берген Рымғали Нұрғалиев деген тағы бір академик ағамыз «Айқын» газетінің 9-желтоқсанындағы санында «Мен оларға қосылмаймын» деген түсінік жазыпты. Мейлі, екі-үш, тіпті он белгілі адам биліктің ыңғайына жығылып, ұлттық мүддесін жеке мүддесіне айырбастаса, одан қазақ халқы үлкен зардап шеге қоймас. Ерте ме, кеш пе, уақыт әркімді өзінің табиғи орнына қояды.

 

Мұхтар ШАХАНОВ

0 пікір