Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2847 0 пікір 15 Желтоқсан, 2009 сағат 07:22

Бұл барып тұрған арандатушылық

Құрметті портал тұтынушылары!

16-17 желтоқсан күндері жақындаған сайын алаңда болуы мүмкін бас көтеру жөнінде әңгіме үдеп келеді. Мәселен, бірнеше күн бойы интернеттен "Қазақстанда 20 млн. ұйғырға азаматтық беріледі, соған байланысты қазақтар алаңға шығайық" деген үндеу таратылып келеді. Бұл, біздің пайымдауымызша, белгілі бір күштердің таза арандатушылығы! Ақылға симайтын нәрсе емес пе?! Себебі, ұйғыр ұлтының әлемдегі жалпы саны 20 миллионға жетпейді де. Сонда 20 млн. ұйғырды алып келеді деген ақпарат қайдан шықты?

Осындай қитұрқы, ақылға қонбайтын жаңсақ пікірлер халықты арандатып, келеңсіз оқиға бола қалған жағдайда мұны "Ел бірлігі" доктринасының қабылдануына қарсы шыққан азаматтарға аудара салу үшін жасалған қадам болуы да ықтимал. Не болмаса жастарды дүрліктіріп,жоқ жерден тағы бір ұлтараздық конфликт шығару мақсатында жасалып отырған шара. Бұған, шынын айту керек, іште де, сыртта да мүдделі күштер бар. Соның нәтижесі болуы керек, кешеден бері ұйғыр азаматтары қатты алаңдатушылық білдіріп біздерге қайта-қайта хабарласып жатыр.

Осыған орай айрықша қадап айтамыз: "Ел бірлігі" ("қазақстандық ұлт") бастамасына қарсы шыққан азаматтар еш уақытта басқа ұлтқа, оның мәдениетіне, тіліне қарсы шыққан емес. Керісінше, олардың да елдегі атының, тілінің, мәдениетінің сақталуы үшін күресуде. Біздер ағайын ұйғыр халқына қарсы емеспіз. Біздер баршаны құр эмоцияға негізделген, қисынсыз, даурықпа ұрандардан аулақ болуға шақырамыз!

Ертеңдері көпшілік орындарда жиналған, Желтоқсан құрбандарын еске алып, тәу еткен кездері осындай әңгімелерге бармайық, сақ болайық! Арамызда неше түрлі арандатушы да болуы ғажап емес: оларға тойтарыс беріп, сабырға шақырып отырайық! Елінде абсолютті көпшілікке айналған қазақ ұлты барлық мәселені ешкімді алаламай, ешкімді ұрып-жықпай-ақ шеше алатын жағдайға келдік. Осыны сөзбен де, іспен де дәлелдейік!

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387