Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2704 0 пікір 18 Желтоқсан, 2009 сағат 06:30

Алты ай қыспен алысатын қазақ Ақ олимпиададан олжасыз қайтады...

Канаданың  Ванкувер қаласында басталатын қысқы Олимпиада ойындарына санаулы күндер қалды. Жазғы ойындарға жарты жыл бұрын жар салатын қазақстандық БАҚ қазір үнсіз отыр. Себептің  қысқы ойындарды жазғы олимпиададан кем көргендіктен немесе алдыңғының соңғыдан мәртебесі төмендіктен емес екені бесенеден белгілі. Бәрі сол спортшылардың жарытпайтындығынан. Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити мен Италияның Туринінен аузымызды қу шөппе сүртіп қайттық. Сондықтан да, жанкүйердің алаңдамайтын жөні бар.

Канаданың  Ванкувер қаласында басталатын қысқы Олимпиада ойындарына санаулы күндер қалды. Жазғы ойындарға жарты жыл бұрын жар салатын қазақстандық БАҚ қазір үнсіз отыр. Себептің  қысқы ойындарды жазғы олимпиададан кем көргендіктен немесе алдыңғының соңғыдан мәртебесі төмендіктен емес екені бесенеден белгілі. Бәрі сол спортшылардың жарытпайтындығынан. Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити мен Италияның Туринінен аузымызды қу шөппе сүртіп қайттық. Сондықтан да, жанкүйердің алаңдамайтын жөні бар.

Алты ай қыспен арпалысатын қазақтың қысқы Олимпиададан неге  құр қол келетіні түсініксіз. Табиғатқа еш кінә арта алмайсың, ал спорттық нысандардың аздығы енді білінбейтін шығар. Азиадаға арналып салынған ғимараттарда жастардың жаттығатын зор мүмкіндігі бар. «Медеу» мен «Шымбұлақты» айтып мақтанғанда алысқа шабамыз, ал әлемдік сында конькишілер мен шаңғышыларымыз шалдығып қалып қояды. Осыған дейін өткен екі Олимпиадада көрші елдердің тілеуін тілеп отырғанымыз жасырын емес, себебі, топ жарып шыққан ешкім болмады.Үздік үштікті былай қойғанда, алғашқы ондыққа кірген қазақ спортшысын шаммен іздеп таппағанымыз  үшін ешкім де есеп берген жоқ. Сонда, қысқы спорт түрлерін басқаратын федерациялар не тындырып отыр?! Әлде  Темірхан Досмұхамбетов мырза тек жазғы ойындарға  ғана жауапты ма?! Жарайды, Норвегия, Финляндия, Ресей, Германия сынды қысқы спорт түрлерін серік еткен ұландары мол елдермен санаспай-ақ қояйық, бірақ бір медальға зар болатындай жағдайымыз мүшкіл емес қой. Көкейде сұрақ көп, ол сұрақтар өткен Олимпиадалар аяқталған бойда, біздің қоржын бос қайтқанда  қылаң берген. Бірақ, жауап қатқан бір басшы болмады. Ең құрығанда, қоласыз келгеніміздің себебін түсіндірген бір жан жоқ.. Сонда, кінәлі кім?! Спортшы ма, басшылық па, керекті қаржы мен көңілді бөлмей қойған мемлекет пе?! Бұл да сол көп сұрақтың бірі. Хош делік, өткен өтті, енді алдан не күтеміз?! 1996 жылдан бері төртжылдық бәсекесінен сырт қалып көрмеген хоккейшілеріміз бұл жолы қуантпады. Ерлер мен қыздар құрамасына іріктеуден іркілмей өту бақыты бұйырмай қойды бұл жолы. Олимпиадаға апаратын билеттер әлі де таратылып жатыр, әзірге Ванкуверге аттанатын ат төбеліндей топтың ғана есімі белгілі. Конькимен жүгірушілерге жолдама беретін Әлем Кубогы әлі де болса жалғасуда, Қазақстандық Денис Кузин 1500 метрге жүгіруде 18-орыннан көрініп, қысқы ойындарға қатысу мүмкіндігін алды. Сонымен қатар, 1000 метрге жүгіруде көрсеткен жақсы нәтижесі үшін де жолдама алуға толық құқы бар. Қызылжарлық Роман Креч пен Дмитрий Бабенколарды да Ванкувердегі айдыннан көруіміз әбден мүмкін. Ал қыздар арасынан Екатерина Айдова Қазақстанның намысын жалғыз өзі қорғайды. 18 жастағы бойжеткен 500-1000 метрлерге жүгіруде өз мүмкіндігін байқайтын болады. Биатлонға бөлінген 220 жолдаманың 9-ы Қазақстанға бұйырыпты..  Шаңғы спортының барлық түріне арналған ереже бойынша Әлем Кубогының қорытындысында үздік 30 команданың қатарына енген елге қосымша жолдамалар үлестіріледі. Келесі жылдың 25-қаңтарында, барлық жарыстар аяқталғасын ғана жолдама иелерімен толық танысамыз. Трамплиннен секіруде табысымыз жақсы емес, Радик Жапаров, Николай Карпенколарға көзі тігеміз бұл сында. Фристайлда 6 жолдама әзірге қолда тұр, егер келесі Әлем Кубогында Рейхерд, Барнашев, Родионовалардың нәтижесі төмендеп кетпесе. Тау шаңғысы мен шорт-тректе  бір қолдың саусағына жетпейтін жолдамалар бар екенін көңілге медеу тұтуға тура келеді. Жақында ғана  Әлем Кубогында 7-орыннан көрінген Денис Тен мен Абзал Рақымғалиевке де сенім жүгін артқан дұрыс болар. Мәнерлеп сырғанауда бұлардан оза шабатын өзге спортшы Қазақстанда әзірге жоқ..

Әлемнің 80-нен аса елі қатысатын қысқы Олимпиада ХХІ рет өткелі отыр. Ақпанның 12 мен 28 аралығында бүкіл әлемнің назары Канаданың оңтүстік-батысындағы Ванкувер қаласына ауады. Теледидарға телміріп, тақымын қысқан ағайын министрлік айтқанын орындап, «бір медальмен ораламыз» деген сөзінен таймаса деп тілейді. Солт-Лейк-Сити мен Туриндегі медальсыз қайтудың «сеңі» бұл жолы бұзылады дегенге сенгіміз-ақ келеді.Себебі, қол бұлғап Азиада тұр. Өз жерімізде өтетін жарыста жер сипап қалмас үшін, әлемдік сыннан абыроймен қайту керек.

 

Айна Керім, «Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394