Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3545 0 пікір 20 Желтоқсан, 2009 сағат 08:19

БҚО-дан индустрияландыру картасына құны $50 млн соманың 5 инвестициялық жобасы іріктеліп алынды

Орал. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Батыс Қазақстан облысының қарқынды индустриалды даму жөніндегі үйлестіруші кеңесі республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін құны $50 млн болатын 5 жобаны іріктеп алды. Бұл туралы Оралда премьер-министр Кәрім Мәсімовтың төрағалық етуімен өткен мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін хабарланды.

Отырыс барысында индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия салалық қорытынды кеңестерді аяқтап қалғанын, олар бойынша елдің 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасының жобасы әзірленетінін жеткізді. Жоба бекіту үшін мемлекет басшысына ұсынылады.

Модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия БҚО-да жүзеге асырылатын он инвестициялық жобаны аймақтық индустрияландыру картасына енгізді. Жобалардың жалпы құны 9,3 млрд теңгені құрайды. Олардың жүзеге асыру кезінде 509 жаңа жұмыс орны құрылады.

Картаның шеңберінде жүзеге асырылатын жобалардың ішінен құны 15,2 млрд теңге болатын үш ірі жоба аталды. Олар: қуаты 54 МВт-тық газ-турбиналық электр станцияның құрылысы, «Батыс Күнбағыс» ЖШС май өңдеуші зауытының және 8640 бас ірі қара мал өсіру бойынша «Crown Батыс» ЖШС мал бордақылау кешенінің құрылысы.

Облыста барлығы 246,8 млрд теңгенің 49 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда, бұл 1888 жаңа жұмыс орнын құруды қарастырады. БҚО-да жыл басынан бері 18,5 млрд теңгенің 18 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. 487 жаңа жұмыс орны құрылды.

2009 жылдың соңына дейін 43,8 млрд теңге соманың 17 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл тағы да 444 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Премьер-министр БҚО-ға сапарының қорытындысын шығара отырып, облыс басшылығының жұмысына оң баға берді. Оның айтуынша, аймақта «бағаны ырықтандыру саясаты табысты жүзеге асырылуда». Мұны азық-түлік өнімдерінің бағасы дәлелдеп отыр, деп есептейді премьер. «Бұл жердегі халық «Жол картасының» әлеуметтік бағытын және дағдарысқа қарсы әсерін анық сезінуде» - деп атап көрсетті К. Мәсімов. Жексенбі күні таңертең К. Мәсімов Оралдан Ақтөбе облысына аттанады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371