Қазақстанда пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздік талаптары бойынша техникалық регламент бекітілді
Астана. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – ҚР үкіметі пиротехникалық бұйымдардың (ПБ) қауіпсіздік талаптары бойынша техникалық регламент бекітті. Тиісті қаулы дүйсенбі күні ресми баспасөзде жарық көрді. Құжат жарық көрген күннен алты ай өткен соң күшіне енеді.
Техникалық реттеудің нысандарына тұрмыстық және өнеркәсіптік (техникалық және арнайы) мақсаттағы ПБ жатады. Техрегламент жару жұмыстарына арналған, әскери және қорғаныс мақсатындағы ПБ-ны қамтымайды.
Техрегламент ПБ-ны қауіпті айцмақтың радиусы бойынша әлеуетті қауіптің 5 класына бөледі. I класс - 0,5 метрден аспайды (бенгал шамдары, шартылдақтар, айналмалар, көбелектер, тұрмыстық сіріңке). II класс - 5 метрден аспайды (ұшатын отшашу, түтінді отшашу бұйымдары, шағын салюттар, концерттік бұрқақтар). III класс – 20 метрден аспайды (шағын рим шамдары, петардалар, жер үсті отшашу, шағын отшашу). IV класс - 20 метрден аспайды (кәсіби салюттар, зымырандар). V класс – арнайы мақсаттағы ПБ.
ПБ-ның осы техрегламенттің және қолдану саласы ПБ жататын басқа да техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін қуаттау міндетті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады.
«ПБ осы техрегламенттің талаптарына сәйкес келіп, адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға зиян тигізбесе ғана нарыққа жеткізіліп, оны сатуға болады», - делінген құжатта.

Сонымен қатар, онда атап көрсетілгендей, ПБ сатушылар ілеспе құжаттарда көрсетілген толық және шынайы ақпарат беруге тиіс. ПБ-ны пайдалану бойынша ілеспе құжаттарға жататындар: жұмыс кезінде және апатты жағдайларда туындауы мүмкін қауіпті факторлардың тізімі, қауіп аймақтарының көлемі, қауіптілік класы, қауіпсіздік талаптары, сақтау, тасымалдау және пайдалану ережелері, жою әдістері және т.б.
ПБ-ны сату орындары температуралық-ылғалдылық режимді сақтаумен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуге тиіс, сауда ҚР заңдарының талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған ғимараттарда, павильондарда жүргізілуге тиіс.