Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3347 0 пікір 21 Желтоқсан, 2009 сағат 08:17

Қарағандыда қаза болған 22 жастағы полицей – ҰҚКБ бұрынғы бастығының ұлы

Қарағанды. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Қарағандыда біреудің оғынан қаза тапқан 22 жастағы полиция қызметкері – Қарағанды облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының (ҰҚКБ) бұрынғы бастығы Нұрлан Қалымовтың ұлы. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне облыстық прокуратурадағы ақпаратқа қанық дереккөз хабарлады.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, полицияның орталық бөлімінің оперативті қызметкері жексенбі күні таңғы сағат 4-те Сатыбалдин көшесіндегі автотұрақта өз көлігінің ішінде атып өлтірілген. Полиция қызметкеріне ұрланған көлік мінген белгісіз біреулер атқан, кейін ол көлік табылды.

«Тергеу жүргізіліп жатыр, қылмыстың себептері әзірге белгісіз. Ол қызметтен тыс уақытта жасалған, полиция қызметкері азаматтық киімде болған», - деді дереккөз.

Қаза болған оперативті қызметкер – Полицияның орталық бөлімінің жас қызметкері, ҚР ІІМ Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының түлегі (бұрынғы ҚР ІІМ жоғарғы мектебі), ЖОО-ны бітірісімен қызметіне жаңа ғана кіріскен жас жігіт.

Оның әкесі – ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Қалымов қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған болатын. Тергеу оған «АрселорМиттал Теміртау» меткомбинатынан металл ұрлауға сыбайластық жасады деген айып таққан. Полковник кінәсін мойындаған жоқ. Айып тағылған соң іздеуде болды. Өткен жылы көктемде полицияға өзі келіп, қылмысқа қатысы жоқтығын дәлелдемек болған. Алайда сот оны айыпты деп танып, 2,6  жылға бас бостандығынан айырды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371