Синоптиктер батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда бұрқасындатады деп болжап отыр
Алматы. 22 желтоқсан. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстан аумағындағы ауа райын атмосфералық фронтальды бөліктер қалыптастырады. Республиканың солтүстігі ғана суық антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды ТЖМ.
Атырау, Маңғыстау, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, күндіз Қостанай өңірінде, түнде Ақмола облысында бұрқасындатып, желдің күші 15-20 метр/сек. жетеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, секундына 17-22 метр жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында да бұрқасындатып, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 метр/сек болады.
Жақын күндері Қазақстанның өзен-көлдерінде мұз қату процесі жалғасады, жекелеген өзендерде судың деңгейі көтеріледі. Қызылорда облысында Сырдария өзенінде Шардара су қоймасынан тасталған судың жетуіне және мұз қатуына байланысты судың деңгейі көтеріледі.