Облигацияларын жою нәтижесінде ҚКБ-нің сыртқы қарызы $930 млн-ға азайды
Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның (ҚКБ) банкке салынған және кепілдік бойынша өндіріп алуға берілген облигацияларын жоюдың нәтижесінде банктің сыртқы қарызы $930 млн-ға азайды. Банктің баспасөз қызметі сәрсенбі күні осындай ақпарат таратты.
«ҚКБ Kazkommerts International B.V. және Kazkommerts Finance 2 B.V. шығарған, банк клиенттердің займдары бойынша кепілдік ретінде қабылдаған еурооблигациялар туралы мәліметтерді жариялайды. Олардың ішінде өндіріп алу қолданылған кепілдіктегі еурооблигациялар да бар. Өндіріп алу қолданылған еурооблигациялар ҚКБ балансына қабылданып, жойылды. Еурооблигацияларды жою банктің сыртқы қарыздары бойынша негізгі қарызының $930 млн-ға жуық сомаға қысқаруына алып келді», - делінген банктің хабарламасында.
Жойылған облигациялардың құрылымында еуро түріндегі қағаздар - 332,835 млн, доллар түріндегісі - $251,598 млн, ал фунт стерлинг түріндегі қағаздар 124,874 млн құрап отыр.

ҚКБ активтерінің көлемі бойынша қазақстандық банк жүйесіндегі лидер болып табылады. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар-қазанында банктің активтері 2,61 трлн теңгені, жеке капиталы 266,12 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңде банктің таза таратылмаған кірісі 177,6 млн теңге болды. 30 қаңтарда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Қазкоммерцбанкте» $1 млрд депозит орналастырды, ол банкті қайта капиталдандыруға (36 млрд теңге) және экономиканың нақты секторын несиелеуге (84 млрд теңге) бағытталуы тиіс болатын. 5 мамырда банк қарапайым акцияларын орналастыру есебінен банктің жарғылық капиталын арттыратынын мәлімдеді. «Самұрық-Қазына» банктің қарапайым акцияларының 21,2% сатып алды.