Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4259 0 пікір 24 Желтоқсан, 2009 сағат 06:19

Алматыда атақты әнші Бибігүл Төлегенованың мерейтойлық кеші өтті

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні кешке Абай атындағы МАОБТ-а Қазақ ССР-нің халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік еңбек ері Бибігүл Төлегенованың туғанына 80 жыл толуына арналған мерейтойлық кеш өтті.

Концерттік бағдарламаға Бибігүл Төлегенованың шәкірттері – жас орындаушылар және орындаушылардың халықаралық конкурстарының лауреаттары қатысты.

Бибігүл Төлегенова – әлемдік санаттағы әнші, жоғары деңгейдегі опера жұлдызы. Ол өнерде қол жеткізген биік жетістіктері мен атақтары үшін ғана емес, шын мәнінде халықтың сүйіспеншілігін жаулап алғандықтан халық әртісі атанды.

Әншіні әлемнің көптеген елдері үлкен шаттықпен қабылдаған және қазір де солай қабылдайды. Ол Нью-Йорк, Лондон, Париж, Рим, Афина, Токио, Сеул, Каир және әлемнің басқа да ірі қалаларының залдарында көрерменнің қошеметіне бөленді. Халық әртісі әлемнің үздік оркестрлері: Осипов атындағы ұлттық академиялық орыс халық аспаптары оркестрінің, Чайковский атындағы үлкен симфониялық оркестрдің, ханзада Уэльстің камералық оркестрінің (Ұлыбритания) сүйемелдеуімен әндер орындады.

ЮНЕСКО-ның шешімімен Бибігүл Төлегенова ХХ ғасырдың ең атақты әйелдерінің қатарына енді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322