Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3746 0 пікір 25 Желтоқсан, 2009 сағат 08:16

Көміршілер кәсіподағы «АрселорМиттал Теміртау» әкімшілігінің жалақыны индексациялау туралы ұсыныстарын қабылдады

Қарағанды. 25 желтоқсан. ҚазТАГ - «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің «Қорғау» көміршілер кәсіподағы компания әкімшілігімен тарифтік мөлшерлемелер мен жалақыны индексациялау шарттары туралы келісімге қол қойды. Құжатқа бейсенбі күні кешке қол қойылды, деп мәлім етті кәсіби комитет төрағасының орынбасары Сергей Сивков.

«Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін біз сәрсенбі күні металлургтермен қол қойылған келісімдегі шарттарды қабылдадық: тарифтік мөлшерлемелер мен жалақы 2009 жылдың 1 қазанынан бастап 7,5 %-ға көтеріледі, аяқталып келе жатқан жылдың қалған айлары үшін өтемақы 45,5 мың теңгені құрайды, оның 25 мың теңгесі жыл соңына дейін, қалғаны қаңтар айының соңына дейін төленуге тиіс, - деді С. Сивков.

С. Сивковтың айтуынша, кәсіби комитет ұжымдық келісім шарттарының толық орындалуын талап еткен болатын. Оған сәйкес, индексация 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейіне, яғни 13,2% жүргізіледі. «Алайда әкімшілік бүгінгі жағдайда ештеңе жасауға болмайды дегенге көз жеткізді», - деді С. Сивков.

Бұрын хабарланғандай, көміршілер мен металлургтердің кәсіби комитеттері «АрселорМиттал Теміртау» әкімшілігінен тарифтік мөлшерлемелер мен жалақыны инфляция деңгейіне индексациялау туралы ұжымдық келісімнің тармағын орындауды сот арқылы талап етпек болған. Кәсіподақтар мәселені шешу бойынша ұсынылған шарттарға келіспеген болатын. Сәрсенбі күні болат департаменті, кеше кешке көміршілер келісімге қол қойды. Кәсіби комитеттің екеуі де сотқа шағымдарын кері қайтарып алады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322