Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5781 0 пікір 27 Желтоқсан, 2009 сағат 13:14

Алматы облысында балалар мекемелеріндегі жаңа жылдық мерекелерге арнап 507 шырша дайындауға рұқсат берілді

Талдықорған. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – Жетісу орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелеріне балалар үйлеріндегі, мектепке дейінгі мекемелердегі және мектептердегі мәдени шараларды қамтамасыз ету үшін 507 жаңа жылдық шырша дайындауға рұқсат берілді. Бұл туралы ауыл шаруашылық министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің хатына сілтеме жасап табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу жөніндегі облыстық басқарма хабарлап отыр.

1 желтоқсаннан бері қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесуден қорғау жөніндегі республикалық айлықтың шеңберінде Алматы облысының мемлекеттік орман қорғау қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Қылқан жапырақты ағаштар өсетін жерлерге апаратын жолдарда 42 стационарлық бақылау бекеті ұйымдастырылды. 50 арнайы мобильді топ атқа, жол талғамайтын көліктерге мініп, аумақты тәулік бойы бақылап отыр, деп хабарлайды табиғат қорғау ведомствосы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5255