Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5409 0 пікір 28 Желтоқсан, 2009 сағат 09:20

Премьер 2010 жыл биылғыдан да жақсы болып, Қазақстан жаңа қиындықтарды еңсере алады деген сенімде (толықтырумен)

Астана. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 2010 жыл биылғыдан да жақсы болып, Қазақстан жаңа қиындықтарды еңсере алады деген сенімде.

«Келесі жыл биылғыдан жақсы болады деп ойлаймын. Үнемі осындай үміт болады емес пе. Біз 2010 жылдың қиындықтарын да еңсеретініміз күмәнсіз», - деді К. Мәсімов дүйсенбі күні үкіметтің селекторлық кеңесінде.

Премьер мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үкіметтің аяқталып келе жатқан жылдағы жұмысын жоғары бағалағанын еске салды.

Осы орайда ол министрлер кабинетінің мүшелеріне және барлық деңгейдегі әкімдерге атқарылған жұмыс үшін алғыс білдірді. «Биылғы жыл өте қиын болды, жыл басындағы болжамдар да күрделі болды. Бірақ бәрі жұмылып, жақсы жұмыс істеді», - деді К.Мәсімов.

Сонымен қатар, премьер министрлер мен әкімдерді 2010 жылдың басында жұмыс қарқынын баяулатпайға шақырды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963