Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5675 0 пікір 28 Желтоқсан, 2009 сағат 09:24

Сот БТА мен Темiрбанктің, оларға қатысы бар компаниялардың менеджерлерін қаржы жымқырғаны үшін айыпты деп таныды

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматы қаласы Алмалы аудандық соты «БТА банк» АҚ,  «Темiрбанк» АҚ 12 қызметкерін және БТА банкке қатысы бар түрлі ЖШС-тердің басшыларын қаржы жымқырғаны үшін айыпты деп таныды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне осы істі қараған Алмалы аудандық сотының төрағасы Арман Шәмшиев мәлім етті.

Олардың барлығы БТА банктің іздеуге жарияланған бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов пен басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетов басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында аса ауыр қылмыстық әрекеттер жасағаны үшін жауапқа тартылып отыр.

«Банктің қызметкерлері қаржылай алаяқтық, аса ірі көлемде қаржы жымқыру, қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану және жасыру мақсатында қылмыстық топты құрғаны үшін айыпты деп танылды», - деді А. Шәмшиев.

Айыпталушылардың бесеуі – БТА банктің басқарушы директоры Бағдатқали Тасыбеков, БТА-ның қиын несиелерімен жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары Ермек Диқанбаев, Темiрбанктің басқарма мүшелері Айдос Мұқатаев пен Асғат Естаев, «Қазақстандық коллекторлық агенттіктің» директоры Жәнібек Жұмамұхамбетов 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

«Баск инвест» ЖШС-інің бұрынғы директоры Ермек Жәнібеков, «Компания «Митра» ЖШС-інің жетекшісі Жанна Бекбаева, «Дудар Капитал» ЖШС-інің басшысы Алексей Домашенко, «Каменское плато» ЖШС-інің бас директоры Ерлан Бейсекеев 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

«Темiрбанк» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Әблахат Кебіров және «Есеке ЛТД» ЖШС-інің директоры Дәулет Дашев 2 жылға сотталды. БТА банк басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Генриг Холодзинский шартты түрде үш жыл сынақ мерзіммен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Істің өзі әдеттен тыс болды: банк қызметкерлерінің өздері алаяқтықтарға қатысқаны алғаш рет анықталды. Бұдан басқа, бұл ірі процесс болды, мен қылмыстық істің 123 томын қарап шықтым», - деді судья.

Оның айтуынша, Ә. Кебіров ҚР ҚК 228 бабы – «Өкілеттігін теріс мақсатта пайдалану», Д. Дашев ҚР ҚК 363 бабы - «Жасыру», Г. Холодзинский – 176  бабы «а» - «Біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және талан-таражға салу» бойынша айыпты деп танылды.

Айыптаудан «ExellentFlight» авиакомпаниясына байланысты эпизод алынып тасталды, «өйткені оның оларға еш қатысы жоқ». Кейбіреулерінің әрекеттері 176 баптан («Біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және талан-таражға салу») 228 бапқа  («Өкілеттіктерін теріс мақсатта пайдалану») ауыстырылды.

Алмалы аудандық сотының үкіміне сәйкес, Г. Холодзинскийге қатысты ол қатыспаған немесе несиелік комитеттің шешімімен келіспеген несиелеу бойынша эпизодтар алынып тасталды. Оған  «Алау Ком», «Есеке Ltd», «Сирия Альянс» эпизодтары бойынша толық көлемде айып тағылды.

БТА қиын несиелерімен жұмыс жөніндегі департаменті директорының орынбасары Е. Диқанбаевқа қатысты қаржы жымқыру қуатталған жоқ, сондықтан оған БТА бойынша ғана айып тағылды.

«Сотталғандардың ешқайсысы өз кінәләрын толық мойындаған жоқ», - деді А. Шәмшиев.

Олар сот үкімі шығарылғаннан кейін 15 күннің ішінде аппеляцияға арыз бере алады.

М. Әблязовтың ісі бойынша 45 адам қылмыстық жауапқа тартылып отыр, дейді адвокаттар.

М. Әблязовтың өзіне қатысты қылмыстық іс жеке өндіріске бөлінді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963