Дәурен Қуат. Апарин қазақ баспасөзінен алапес жасап отыр...
«Новое Поколение» газетінің бас редакторы Сергей Апарин деген әріптесіміз Латвияда жарық көретін «Вести сегодня» газетінің тілшісіне сұхбат беріп Қазақстан туралы, еліміздің ішкі-сыртқы саясаты туралы пікір білдіріп біраз көсіліпті. «Қазақстан Ресейден іргесін аулақ салып Өзбекстанның қателігін қайталағысы келмейді» деп иегін әуелете сөйлеген ол әлгі сұхбатында латыштарға орыстілді журналист арқылы былайша доқ көрсетіп қояды:
- Сендерге (латыштарды айтады.-ред) біз жақтан (Қазақстанды айтады.-ред) «Путинмен дұрыс болыңдар. Путинмен дұрыс болсаңдар бізбен де әңгімелерің жарасады» деген ым жасалды. Соны ұқтыңдар ма?
Апариннің аузынан шыққан сөздің бәрін тізуге біз соншалықты құлықсызбыз. Өйткені ол Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасына байланысты әңгіме айтатын сарапшы немесе кәнігі саясаткер емес, қазақтың байлығына газет басып, кекірігінен азып жүрген еліміздегі ниеті айнымалы бас редакторлардың әрікеткенде бірі ғана. Әйткенменде оның мына бір сөзін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Латыш газетінің тілшісімен әңгімесінде «жаңа буыншыл» бас редактор «Қазақстанда ақпарат алдымен орыс тілінде тарайды» дей келіп: «Қазақ баспасөзі өзінің ақымақтығынан жазып ел ішіне іріткі салудан өзгені білмейді» , - депті. Сенбесеңіз оқып қараңыз:

"25-30 процентов рынка занимает периодика на госязыке. Но серьезного влияния она не имеет. Во-первых, из-за своей очевидной глупости, которая не идет дальше призывов к межэтнической вражде и шариковских "все отнять и поделить". Во-вторых, несмотря на вкачивание госдотаций, они бедны, менее упакованы и малопрофессиональны... Тираж у бизнес-изданий невелик. Малограмотный у нас народ, как ни крути"
Апариннің айтуынаша, біздің елдің сауаты да кем көрінеді. Сонда ол әр бетінен қазақ мұнайының исі аңқитын газетін кімдерге әм кімдер үшін шығарып келген?
«Новое Поколениенің» аспанға түкіріп асқақтаған бас редакторына бізден бұрын «Караван» газетіндегі әріптесіміз Жанар Қанафина хабарласып, «қазақ баспасөзінің өкілдерін ренжітіп алған жоқсыз ба?» деп сұрақ қойып үлгеріпті. Сөйтсе, Апарин жолдас апиынның «кәйіпінен» айыққандай: «Мен ондай сөз айтқан емеспін», - дейді айран асыр болып. Қанафина ханым «Ендеше сөзіңізді бұрмалап жеткізген «Вести сегодня» газетін сотқа бересіз бе?» деген сауал қойған екен, ол сұрақтан Апарин жолдас «Жер шалғай ғой» деп сырғытпа жауап беріп құтылыпты. Апариннің жауабына қанағаттанбаған Қанафина ханым Апаринмен сұхбаттасқан Марьяна Иванова-Евсеева дейтін «Вести сегодня» газетінің тілшісіне хабраласады. Хабарласып жөнді білген екен, аталған газеттің тілшісі Апариннің айтқанын айна-қатесіз көшіріп алып жария еткенін мәлімдепті. Ал, енді Апарин қарап қалсын ба, ақпарат кеңістігіндегі дауды бір жақты етпек ниетпен «...артымен сүңгіп» «Новое Поколениеге» салақұлаш мақала жазып ақталып бағыпты. Ақталып баққандағы сөздеріне сенсек, бұл жігітіміз бұрынғы «Өркен-Горизонт» газетінен қарақанаттанып ұшыпты. Екі тілге де жүйрік көрінеді. Қазақшадан мақалалар аударған кезде қазақ журналистерінің біліктілігіне тәнтті болыпты. Осылайша ұзынан шұбатылып кете береді. Ақырында қазаққа Апариннен адал жанды табу қиынға соғады. Әйткенменде, «Құдайсыз қурайдың басы сынбайды». Апарин аузынан қағынбаса, айдаладағы «Вести сегодня» газетінің тілшісі қазақ баспасөзін әлгіндей етіп янаттамас еді ғой?.. Сыртқа аттап басса сырт пиғылын жасыра алмайтын адамның әйдік газетті басқарып отырғанына осы жайттан кейін құрылтайшылары қалай қарар екен? «Шетел баспасөзін бетімен жіберген» (Н. Назарбаевтың сөзі) құзырлы орындар не дер екен? Көреміз...
Айтпақшы, қазақ баспасөзінен алапес жасаған Апарин жайына қаныққыңыз келсе мына төмендегі сайттарды ашып оқуыңызға әбден болады.
http://www.fenster.lv/rus/media/ves/team/ Латвиялық медиа топтың сайтыhttp://www.np.kz/index.php?newsid=5114 Апариннің ақталуы
http://www.izdatel.kz/2007/12/19/gazeta_novoe_pokolenie_zapustila_novuju_versiju_svoego_sajjta.html Новое поколениенің жаңа сайты
«Абай-ақпарат»