Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 5324 0 пікір 26 Ақпан, 2010 сағат 04:24

Сенатор Бижанов Нұрғиса Тлендиевті есте сақтау ретінде үкіметтен композитордың үйінен мұражай ашуын сұрайды

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Парламент сенатының әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов  Нұрғиса Тлендиевті есте сақтау ретінде үкіметтен композитордың үйінен мұражай ашуын сұрайды.

Сенаттың бейсенбі күнгі алқа отырысында ол, 2010 жылы атақты композитор мен дирижер әрі домбырашы, Қазақтың халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тлендиевтің туылғанына 85 жыл толатынын атап өтті.

Осыған байланысты ол премьер-министрдің атына сауал жолдады. «Мен композитордың құрметіне ескерткіш ашып, оның үйінде танымал композитор Нұрғиса Тлендиевке арналған мұражай ашылуын сұраймын», - делінген сауалда.

Нұрғиса Тлендиев (1925-1998) – «Алтын таулар» операсының авторы (Қ. Қожамьяровпен бірлесіп жазған), «Достық жолымен» балетінің (Л. Степановпен бірлесіп), оркестрге арналған поэмалар «Ата толғауы», «Аққу», 40-шақты өлеңдер мен романстардың авторы. Ол 100-ге тарта спектакль, көркем және деректі, мультипликациялық фильмдерге музыка жазған.

Абай  атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының (1953-1961), Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің (1961-1964) бас дирижері болған. 1981 жылы Қазақ мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық «Отрар сазы» оркестрін ұйымдастырып, өмірінің соңына дейін оның жетекшісі болып қалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1528
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5948