Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2348 0 пікір 11 Наурыз, 2010 сағат 05:55

Он-лайн режимінде халықтың сауалдарына жауап берген ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев

барлық кәсіби мамандарды елді индустрияландыру науқанына қатысуға шақырды

Наурыздың 10-ы күні он-лайн режимінде Bnews.kz порталы арқылы халықтың сауалдарына жауап берген ҚР Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев барлық кәсіби мамандарды елді индустрияландыру науқанына қатысуға шақырды.
Министрдің айтуынша, бүгінде Индустриялық-инновациялық бағдарламанының әдістемелік негізін даярлау - басты міндет. «Сондықтан бағдарламаны іске асыру барысында бізге кәсіби мамандардың пікірі мен қызметі аса қажет. Алдағы уақытта осындай мамандардан тұратын сарапшылар тобы құрылады. Олар тұрақты немесе уақытша негізде металлургия, мұнай-газ және тағы басқа салаларды дамыту бойынша жұмыс істемек. Бүгін мен осы Интернет мүмкіндігін пайдалана отырып, барлық кәсіби мамандарды елді индустрияландыру науқанына қатысуға шақырамын», - деді Ә.Исекешев.
Министр атап көрсеткендей, азаматтар оның Интернет блогы немесе министрліктің сайты арқылы өтініш бере алады.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434