Қарағандылық антиквардың коллекциясында 1945 жылғы 10-шы мамырдағы газеттің ерекше номері пайда болды
Қарағанды. 19 сәуір. ҚазТАГ - Қарағандылық танымал антиквар Николай Дудкиннің коллекциясында мәскеулік «Гудок» газетінің 1945 жылғы 10-шы мамырдағы номері пайда болды. Газеттің бірінші бетінде негізгі жаңалық Германияның капитуляциясы мен Ұлы Отан соғысының аяқталғаны туралы жаңалық бар. Иосиф Сталин, Уинстон Черчилль мен Гарри Трумэннің портреттері бар газеттің төрт бетінің барлығы да осы оқиғаға арналған.
«Гудак» - КСРО халық комиссариаты қатынас жолдары органының мәскеулік басылымы. Бұл ерекше естелік газетті маған 65 жыл сақтаған әже әкеп тапсырды. Ал бұл газетті кейбір жылдары сақтаудың өзі қауіпті болған», - дейді Н. Дудкин.
Жеңістің 65 жылдығына орай антиквар өзінің коллекциясын соғысқа байланысты тағы басқа да ерекше заттармен толықтырды, бірақ мына уақыт өте сарғайып кеткен газет номері солардың ішіндегі ең негізгісі.