Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
ШОЛУ 6906 0 пікір 7 Сәуір, 2009 сағат 06:00

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – ЖАБАЙЫЛЫҚ

RATEL.KZ: «Это есть наш последний и решительный той» - (Бұл біздің соңғы әрі шешуші тойымыз). Темірлан Төлегенов өз материалында мәдениет саласындағы жалпы бүгінгі кескін-келбетіне тоқтала келіп: «Біз де тіпті шоу бизнес те жоқ. Шығармашылық саладағы адамдар той бизнес және мемлекеттік тапсырыспен күн көріп отыр» дейді. Автор тіпті той атаулының тойханаларды қойып, отандық телеарналардың негізгі контентіне айналғанын жазады. «Телеконтентті той бизнес басқаны сонша көрермен талантты жұлдыздарды эфирден көруден, естуден қалды». Бұл мәселеге автор телеарна менеджерлерінің сауатты әрі мәдени контент жасауды қойып, кәсіпкерлікпен айналысып, пайдаға табуды ғана басты мақсат етіп қойғандығы себеп болып отырғанын айтады. Материалда кино саласы да сөз болады. Темірлан Төлегенов өз ойын қорыта келіп, мәдениет саласындағы қатынастарды реттеу үшін арнайы заң керек екенін, өйткені, «мемлекеттің ұлттық идеологиясының негізі мәдениет» деп жазады.

MATRITCA.KZ: «На сколько подорожали продукты в Казахстане после девальвации» - (Қазақстанда девальвациядан кейін азық-түлік бағасы қанша өсті?). Материалда өткен жылдың шілде айымен салыстырғанда биылғы шілде айындағы азық-түлік бағасы 15,9% қымбаттағаны жазылады. Сайттың статистикалық комитеттің ақпаратына сүйене отырып хабарлауынша, нан — 27,1%, май —  28,6%, сүт өнімдері — на 8,3%, ұн — 12,4%, қант  - 65,4% өскен.

TOTAL.KZ: «Машкевич опасается за будущее угледобычи» - (Машкевич көмір өндірісінің болашағына алаңдайды). Мәселе Үкіметтің 7 тамыздан бастап, дизель отыны бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартып, еркін нарыққа жіберіп, босатуында болып тұр. Осыған алаңдаған Мәшкевич: «Бұл теміржол тасымалы мен тау-кен саласы өнімдері бағасының өсуіне алып келеді. Соған тікелей әсер етеді». Сондай-аұ, Мәшкевич дизеь отынының отандық өндірушілер тарапынан жеткілікті мөлшерде жеткізілмей отырғанын айтып, жағдай осылай жалғаса берсе, жұмысты тоқтатуға мәжбүр болатынын айтқан.

NEWSKAZ.RU: «Насильно замуж? Правозащитники против традиции воровства невест» - «Күшпен күйеуге беру ? Құқық қорғаушылар қыз алып қашу дәстүріне қарсы». «Қазіргі кезде қыз алып қашу қылмыс болып есептелгенмен, күшпен алып қашу немесе екі жақтың келісімі бойынша алып қашу дәстүрі әлі күнге тоқтамай келеді». Материалда қыз алып қашу мәселесіне Қазақстаның құқық қорғаушылар ұйымы өкілдері қарсы екені жазылады. Құқық қорғаушылар мұндай дәстүрді 21 ғасырда мүлдем жою керек дейді. Пікір айтқан құқық қорғаушылардың бірі  «Мен үшін бұл неге екені белгісіз 21 ғасырға өтіп кеткен жабайылық» десе, енді бірі «Өз қалауынан тыс біреуді күштеп күйеуге беру, адам құқын бұзу» екенін айтқан.

Шолу жасаған – Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963