Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5890 0 пікір 26 Тамыз, 2014 сағат 19:37

Қазақстан Украинаға көмек береді

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Минскідегі жұмыс сапары аясында Украина басшысы Петр Порошенкомен екіжақты кездесу өткізіп, екі ел басшысы Украинадағы жағдайды талқылаған. Бұл туралы ҚазАқарат жазды.

«Барша Украинаға көмек көрсетуіміз қажет деп санаймын. Қазақстан Украинаның Оңтүстік-Шығысына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Егер  гуманитарлық қарауыл жасағы  болса, қазақстандық Қызыл кресті қосар едік. Біз қай жағынан болса да, қажетті деген барлық қолдауды көрсетуге әзірміз», - деген кездесу барысында ҚР президенті  Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қақтығысты бейбіт жолмен шешілетіндігіне сенімін білдірді. Оның айтуынша, егер жағдай одан әрі ушығатын болса, бұл жаһандық қақтығысқа әкелуі мүмкін.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 988
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2531
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 690
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663