Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 12117 0 пікір 26 Тамыз, 2014 сағат 19:31

Экологтар: Қазақстанда піл өсірейік

Астаналық экологтар Қазақстанда азиялық пілдерді өсіру туралы ұсыныс білдірді. Мамандардың айтуы бойынша елімізде Маңғышылақ түбегі аталмыш жануарлардың өмір сүруіне ең қолайлы жер болып табылады. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Экологтар азиялық пілді Қазақстанда өсіру арқылы пілдердің жойылып бара жатқан бұл түрін сақтап қалуға көмек қана емес, сонымен қатар, туристерді де қызықтырудың бір әдісі болар еді деуде. Бұл жөнінде эколог Мағауя Сейсенов: «Азиялық пілдер африкалық пілдерге қарағанда үлкенірек. Олардың биіктігі 3,5 метр болса, салмағы алты тоннадан жоғары болады. Азиялық пілдер негізінен қалың жүні бар күйінше туылады, алайда қатты ыстықтың салдарынан ол көп ұзамай түсіп қалады. Батысқазақстандық қысқы ауа райының әсерінен ол жақта бұл пілдер өсірілетін болса жүндері қалыңдай түсуші еді, - деп, «Жалпы Маңғышлақ түбегі пілдерді өсіруге өте қолайлы. Олардың бірнеше түрін алып келіп, еркіндікке жіберсек болғаны. Пілдердің Қазақстанда да өмір сүре алатындығының дәлелі қарағандылық зообақтағы Батырды мысал етер едім»,- деді. Экологтардың айтуынша пілдерді асырау үшін жылына 30 шаршы километр жайылым жеткілікті екен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 988
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2532
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 692
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 663