РЕСЕЙ: ЭЛИТА ЕЛДЕН КЕТІП ЖАТЫР
Ресейдің жоғары қауымы жаппай шетел ауып жатыр деп хабарлайды Die Welt газетінің мақаласына шолу жасаған Inopressa. Туған-өскен жерінен баз кешкен ресейлік байлар жатжұртқа мүлдем сіңіп кету үшін тіпті генологтарды жалдап өздерінің арғы тегінде немістің, француздың, испанның, т.б. қаны бар ма, жоқ па, соған дейін тексертуде. «Бұл адамдар мол қаржы тауып үлгерген алпауыттар, енді олар бар байлығымыздан айрылып қаламыз ба деп қорқады», - дейді мәскеулік генолог Владимир Палей.
Алайда, бұқара халық РФ Президенті В. Путинді қолдайтын көрінеді. Американдық Gallup сараптау орталығы жүргізген сауалнама қортындысына сенер болсақ, орыстар Қырымның Ресейге қосылғанын құптап, Путинді құрметтей түскен. Путиннің қызметін ресейліктердің 83 пайызы қолдайды дейді Gallup сараптау орталығының мамандары.
Неміс баслымы орыс байларының көңіліндегі алаңды жаза отырып, Орталық саяси технология институтының директоры Игорь Буниннің сөзін келтіреді.
- Путиннің Украинаға байланысты саясаты Ресейдің өзін тұйыққа тіреп, әлемдік экономиканы бүлдіруі мүмкін екендігін осы күні жұрт біліп отыр. Алдағы күндері болуы ықтимал репрессияны іші сезетіндер қазір Путинді ашық сынай алмайды, - дейді Бунин.
Business Insider соңғы бір жылдың көлемінде Ресейден 186 мың адамның көшіп кеткенін келтіреді. 2012 жылы Ресейден 123 мың адам ауыпты. Мүның өзі нақты дерек емес деп жазады немістің Die Welt басылымы.
Abai.kz