Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6187 0 пікір 12 Маусым, 2014 сағат 12:58

«РОССИЯҒА ЖАНКҮЙЕР БОЛАМЫЗ»

Бүгін Бразилияның Сан-Паулу қаласында Футболдан әлем чемпионатының 20 кезекті ойынының ашылу салтанаты болады. Өз алаңында 1950 жылдан кейін екінші рет Футболдан әлем чемпионатын өткізіп отырған Бразилияға бар әлем көз тігіп отыр. 32 команда сынға түсетін футбол бәсекесінде Азиядан бар жоғы 3 мемлекеттің командасы ойнайды.     Еуропадан 13 команда қатыспақ. УЕФА-ның іріктеуіне қатысудан аса алмай жүрген Қазақстан ФИФА-ның ойындарынан қашан көрінетіні белгісіз.

Аталған чемпионатты футболсүйер қауымға отандық үш теле арна тікелей эфирде таратады. Қазақстан ҰТА, Қаз СПОРТ арнасы және Еуразия-1 арнасы. Бұл теле арналарға доданың жүргізушісі болуға Амангелді Сейітхан, Есей Жеңісұлы сынды айтулы спорт комментаторлары шақырылмағаны әлеуметтік желілерде өткір  талқыланды. Тіпті, «Азаттық» сайтының жазуынша Евразия-1 арнасы екі ай бойы дайындалған спорт комментаторлары Сергей Райлян пен Евгений Акмановтің орына Ресейден арнайы комментатор шақыртыпты. Көршіге бүгін ғана жалтақтап отырған жоқпыз, бұл бөлек әңгіме.

Футбол ойындары өтетін Бразилия ойын алдында қандай қарбалас болса, футбол десе жаны қалмайтын көрермендер де сонадай қарбалас. Футбол ойнаудан болмаса да футбол көруден жаға жыртысуға бар Қазақстандық көрермен кімге жанкүйер болмақ? Кеше ғана Қазақстан арнасының «таңшолпан» бағдарламасында футбол туралы сөз болып, ҚФФ спорттық директорының орынбасары Қанат Мұсатаев жанкүйерлік турасында: «бізге ең жақыны Россия, сондықтан Россияға жанкүйер боламыз», - деп отыр. Бір түсінбейтінім Ресейдің басқа мемлекеттен, Орыстардың басқа ұлттардан не артықшылығы бар болуы мүмкін, тіпті орыстар біздің нағашымыз ба? Әлде бір жақын туысқанымыз ба? Сіз не дейсіз?

Нұрғали Нұртай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371