Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 6812 0 пікір 4 Маусым, 2014 сағат 10:14

Темекі: ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙГЕ ҮЛГІ БОЛДЫ

Сурет Илья Варламовтың фейсбук парақшасынан алынды.

Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салатын заң Ресейде енді ғана күшіне еніп жатыр.

РФ ІІМ 1 маусымнан бастап елде 2013 жылдың 23 ақпанындағы «Азаматтардың денсаулығын қоршаған темекі түтінінен және темекіні тұтынудың зардаптарынан қорғау туралы» Федералды заңның бірқатар ережелері күшіне енгенін хабарлады. Заңға сәйкес, алыс жолға шығатын пойыздар мен алысқа жүзетін кемелерде, теміржол платформаларында, қонақ үйлер, дүкендер мен сауда орындарында, стационарлы емес сауда нысандарында, қоғамдық тамақтандыру орындарында темекі тартуға тыйым салынады. Аталған орындарда темекі шеккені үшін азаматтарға 500-ден 1,5 мың рубльге дейін, ал балалар алаңында бұл ережені бұзғандарға 2-3 мың рубльге дейін  әкімшілік айыппұл салынады. 

Ал, Қазақстанда мұндай заң баяғыда қолданысқа еніп, қазіргі кезде заңда көрсетілмеген орында шылым шексеңіз, дереу ұстап әкетіп, әкімшілік жазаға тартып, айыппұл салады. Сенбесеңіз, міне, дерек: Астанда жыл басынан бері қоғамдық орындарда темекі шегу ережелерін бұзудың 900 жағдайы тіркелген. Көрдіңіз бе, басқа, басқа дәл осы темекі тартқандарды құрықтауда, шылымын енді тұта берген жерінде бас салып, айыппұл салу жағынан келгенде бізде заң қатал! Біздегі тап осы заңның қаталдығы Ресейге үлгі болып, «бауырлас» ел Қазақстанның тәжірбиесін заң жүзінде енгізіп жатыр. Мақтанатын жағдай!

Бірақ, Ресей бәрібір бізге жете алмайтын сияқты. Темекі туралы заң шығарған Кремльден 750 метр жердегі жағдай жоғарыдағы суреттегідей. Біздің қаншалықты шарықтап, дамып кеткенімізді осыдан-ақ білуге болады...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318