Сенбі, 23 Қараша 2024
Жағымды жаңалық 9165 0 пікір 6 Қаңтар, 2015 сағат 10:52

«ШҰҒЫЛАНЫҢ» ҮЗДІКТЕРІ

Моңғолия қазақтарының әдеби рухани үні - «Шұғыла» журналы өткен жылдың үздіктерін анықтады.  «Шұғыла » журналы 1957 жылдан шыға бастаған Моңғолия қазақтарының тәуелсіз, әдеби, ғылыми танымдық үнжариясы болып табылады.

«Шұғыла» өткен 2014 жылғы үздік жарияланымдары мен ұлт руханиятының жанашырларын анықтады. Бұл жолы 2013 - 2014 жылдардағы кезекті сандарда жарық көрген кейбір әдеби публицистикалық шығармалар да ескерілді. Жарияланымдарды сараптай келе, жыл үздіктері төмендегідей ретпен анықталып отыр:

 

Иманғали Нұрғалиұлы ТАСМАҒАМБЕТОВ ,

Астана қаласының бұрынғы әкімі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі – Шетелдегі ғұрбаттардың рухани жанашыры;

(Бұл туралы ақпараттар «Шұғыла» журналының 2014 жылғы №3, 4 сандарында жарияланған)

 

Рақымжан ОТАРБАЙ,

жазушы, республикалық «Ақ жайық» журналының бас редакторы - «Шыңғыс ханның көз жасы» хикаяты бойынша;

 

Гунаажавын АЮУРЗАНА,

моңғол ақыны, әдебиет зерттеушісі, прозашы – қазақша жарияланған топтама өлеңдерімен;

 

Өміржан ӘБДІҚАЛЫҚ,

жазушы, «Топырақ», «Володияның басы» қатарлы қысқа әңгімелері үшін;


 

Мо Ян,

Қытай жазушысы, Нобель сыйлығының иегері, «Мен кінәлімін» сыр сұхбаты үшін;

 

Азатхан қажы МҰҚАНҰЛЫ,

Моңғолия Ислам Діндарлар Мүфтият Одағының төрағасы - діни танымдық шығармалары үшін;

 

Мұрат ШАЙМАРАН,

қазақтың белгілі ақыны - топтама өлеңдері үшін;

 

Сұлтан ТӘУКЕЙҰЛЫ,

белгілі жазушы - «Шұғылаға» жарияланған әңгімелері үшін;


 

Қанат ЖӘНИЯҰЛЫ,

Моңғол-Түрік біріккен мектебінің директоры - шетелдегі диаспоралардың руханиятына сіңірген еңбегіне;

Марапттау туралы толық  ақпараттар «Шұғыла» журналының 2015 жылғы 1-нөмірінде жарияланады.

Моңғолия Қазақ Қаламгерлер кеңесі

«Шұғыла» журналының редакциясы

E-mail: r.suragan@yahoo.com, Erkinbek_2006@yahoo.com

Телефондар: 976-99425533, 70422854

 

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364