Жұма, 22 Қараша 2024
Біздің шенеунік 7304 0 пікір 3 Тамыз, 2015 сағат 10:57

БОЖКОНЫ КЕТІРІП, ТЖК-НІ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІНЕ БЕРУ КЕРЕК!

Жақында ғана Қарғалы өзенінің арнасы кенет буырқанып, таңғы үште үйлерін тастай қашқан Алматының үш бірдей ауданының халқы бір апаттан аман қалды. Осы салаға тікелей жауапты Төтенше Жағдайлар комитетінің сабаз басшысы Божко әдеттегідей ертесі түс ауа Алматыға жетіп, «күн ысыған соң су тасыды» деді де  ісін тындырды. Оқырман қауымның есінде болса, Abai.kz сайты «Владимир Божко – апат адам» атты мақала жариялаған болатын. Мақалаға байланысты оқырмандардың білдірген пікіріне зер салайық:

«Барлық апаттардың алдын алуға болады. Су қоймасының сыйымдылығы белгілі ғой. Су қоймасына секундына қанша су құйылады, су қоймасынан секундына шлюз арқылы қанша су ағып шығатынын судың жылдамдығы мен көлемі арқылы оп-оңай-ақ есептеледі ғой. Егер, су қоймасына құйылып жатқан су шлюз арқылы сыртқа ағып жатқан судан артық болса, сол артық су қойманы қанша уақытта толтыратынын оңай есептеп шығаруға болады емес пе?

Мұндайда: "көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама", дейді. Меніңше, төтенше жағдайлар орын алған кездерде көп қаражатты қалтаға басып алуға болады. Сондықтан, осындайларды осындай "майлы" жерлерге әдейі отырғызып қояды. Болмаса, бір күнде техникалық салада жұмыс жасап, күрделі техникалық шешім шығарып көрмеген, тіміскілеумен ғана айналысқан тыңшыны, осындай-жауапкершілігі өте жоғары, күрделі техникалық шешім қабылдауды қажет ететін салаға жәй әшейін отырғызып қоюға бола ма? Бұл-нағыз кешірілмес қылмыстың өзі.Климаттың қатты өзгеріске ұшырағанын көре тұра, алдын-ала, сақтық шараларын жасамағаны үшін, өз функциональдық міндеттеріне атүсті қарап, осындай апатқа жол бергені үшін, төтенше жағдайлар комитетінің және де басқа жауапты адамдарды орнынан босатып, оларға қылмыстық істер қозғап, қатаң жауапқа тарту қажет», - дейді мақалаға 22-болып пікір жазған оқырман.

Ал, «Ақылшы ұстаз» есімді оқырман: «Божко мырза! Осы салаға Сіз келгелі, Қазақстанда апаттың алдын алу жұмыстары әлсіреп, алдын алуға болатын апаттар көбейіп, адам шығындарына әкелуде. Өзіңіздің икемсіздігіңіздің бәрін табиғатқа жауып, жұмысыңыздың көзін таппай, осылай қашанға дейін халыққа, мемлекетімізге қиянатыңызды тигізіп, шығынға батырып, орынды босатпай отыра бересіз? Жасыңыз болса келді. Енді,тағы да, ұлы қырғын жасамай тұрғаныңызда, жаңа заманда жаңаша жұмыс жасай білетін, білімді, авторитетпен емес, баспен ғана жұмыс жасайтын, қолы таза, еліміздің шын патриоттарына, жігерлі жастарға орныңызды босатып беруге қалай қарайсыз?», - деп сұраулы ой тастайды.

ТЖК-ға көңілі толмай, кейіс білдіргендер арасында бір оқырман «Табиғи апатқа дайын емеспіз, соғыс болса бәріміз аттанып та үлгермейді екенбіз» деп жазыпты. Рас айтады. Божко мырза министр болып та, Комитеттің бастығы болып та жұмыс істеп жарытқан жоқ. Қашан да болары болып, бояуы сіңген соң өзінде ғана бар тікұшағымен апатты аймаққа жетіп, шіреніп жүреді. Су тасыса келеді де қайық мініп алады.

2011 жылғы Қызылағаш апатынан ресми мәлімет бойынша 45 адам қаза тапты. Олардың орнында тек мынау ұсқынсыз ескерткіш қалды.

2014 жылы Көкпекті тасқынынан 5 адам қаза тапты.

Адам шығындарынан тыс, жыл сайын болатын тасқын мен орман, жайылым өрттерінен, ақтүтек боранда қалғандардан мемлекетке қанша шығын келгенін есептеуге жүрегің дауаламайды. Солай бола тұра Божконың құйрығы ТЖ басшысы орынтағына неге жабысып қалғанын түсіну қиын.

Министрлік болған «Төтенше Жағдай» қазір комитет болып Ішкі Істер министрлігіне ведомство ретінде бағындырылған. Алайда, төтенше жағдай болған кезде ылғи да әскери күштер жұмылдырылады. Олардың жұмылдырылатын жөні де бар, себебі әскер мемлекеттің қорғанысына тікелей жауапты. Олар күндіз-түні сергектікпен, қандай жағдайға да әрдайым әзір қалпында болады. Оперативті қимылдайды. Қорғаныс саласының осындай артықшылығы барына қарамастан «Төтенше Жағдайды» ІІМ-неге қосқаны белгісіз. Божконы орнынан алып, жауапкершілігі мықты біреуді тағайындау мәселесі өз алдына, Тасмағамбетов сияқты іскер адам басқаратын Қорғаныс министрлігіне «Төтенше Жағдайды» қосып беру көп кеңесетін мәселе емес. Себебі елдің амандығы - мемлекеттің тыныштығынан кем түспейтін байлық.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322