Жұма, 22 Қараша 2024
Әдебиет 12931 0 пікір 29 Шілде, 2015 сағат 15:43

ПАРСЫ –ТӘЖІК ПОЭЗИЯСЫ: АЛЛАҒА МЕН БАС ИДІМ, ДӘРІПТЕЙМІН ЖЫРЫМДА

Рудаки

 

(Әбу Абдаллах Жапар Рудаки  - 860-941 жылдары өмір сүрген,

парсы –тәжік поэзиясының негізін қалаушылардың бірі, Бұқара саманидтері әміршісінің сарайында жүріп атақ пен даңқа бөленді, артынан қуғынға ұшарады)

 

 

 Күнәм жоқ менің, дегенмен ол үнемі мені кешіріп жүреді,

 Құрбандыққа мен көндім, кешіруге ол жазса.

 Аллаға мен бас идім, дәріптеймін жырымда,

 Дүниеқорлық менде жоқ, пайда іздемедім өзіме. 

 

******

О Рудаки, өмір сүр, рухың еркін болсын, жұртқа босқа қарама.

Даналықпен өмір сүр, жүрегіңмен жылытып, дәнін сеуіп қауымға,

Ойлама сен басқаның күні тәуір,  жалғыз саған  ауыр деп,

О Рудаки, бұл жалғанда өмір сүр, игілік жасап адамға!   

 

******

 

Күштеніп жиды ол байлық,

Бірақ одан оған не пайда ....

О Рудаки, ізгілік істер істелік,

Қорқыныш соты алдында ....

Мәңгілік тақта бетінде,

Оқырсың  өткен жолыңды.

 

 

******

 

Әлем әміршілері де өледі, оларда төбешікке айналды,

Басын иіп  ажалға, оларда  аттанды мәңгілік.

Байлыққа шексіз бөленіп, билік пен даңқа оранған,

Түбінде оларда ақырет жамылды, қара жерге көмілді.      

 

******

Жәми

(Әбдірахман Нұраддин ибн Ахмад Жәми –

1414 -1492 жылдары өмір сүрген, ақын, ғалым, философ)

 

Жаратқан ием, жұмбақ жасырды,

Жауабын тауып мен шештім:

Қант неге ащы тұздай,

Ал тұз неге  – қант құмындай.

Ақиқатқа жеткенше,

Көргенім көп менің өмірде:

Біреудің артын жалағанша,

Өз уыңды өзің іш.

 

           ******

 

Мынау дүние сорлы, құныққандарға толы....

Қозғалмайды тегін біреуі,

Алыстан  күміс кесек көрсетші,

Қалтырап  қолын созар біреуі, кейін екіншісі.

Жарымаған олда ілінді құрыққа,

Жүргені енді ашкөздердің ішінде. 

  

    ******

 

 

 Өлім – тәтті ұйқы, ал өмір-  шала ұйқы....

 Ұйқы тәтті - өмірге сен жабыспа.

 Балаңдай күт күніңді, қариядай төзіп түніңді,

 Өмірің соңғы сәтінде көңілденіп, шаттанып,

 Кірпік қақпай кетерсің, сенде тәтті ұйқыға.   

 


Руми

(Желлалдин Руми 1207-1273 жылдары өмір сүрген ,

софылық философия және поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі ).

 

Кім болсаң, ол бол,

Сүйгенде  күннен  ашық жарқыра.

Достықта сарқырап  аққан

тау бұлағындай таза бол.

Түн жамылып қылығыңды

жасырғанда  түннен қара  бол.

Қара жердей  қарапайым  бол.

Ашу - ыза қысқанда, өлде қал.

Кім болсаң, ол бол,

Тек  өзің бол, өзіңдей көрініп,

Өзің бол!

                                                          ******

 

Біресе шексіз сүйеді, біресе жексұрын көреді,

Біресе жүрегін сыйлайды, біресе кінәләйді жүрегімді.

Біресе ойыма қожа болып,  мен билеймін өзімді,

Біресе  мені  қысып, ол билейді ойымды.

 

                                                          ******

Махаббат ғарышқа зулаған  қуатпен тең,

Көк әлемнің жүз қыртысын жарып тескен.

Жол басында келемін, мүмкін өтіп кетермін,

Мүмкін, аяғында адасып, ізімді таппай қалармын.

 

******

 

Мынау дүние махабатты қабылдайма, білмеймін.

Білетінім: махаббат мәңгі, өмірбақи  өшпейтін.  

Жүрегімді  сыздатып,  күнде соғып  жүретін,

Қатты  ауыртып, көз алдымда  тұратын.

 

 

                                                      ******

 

 

Омар Хайям

(Омар Хайям Гиясаддин  -1048 -1122 жылдары өмір сүрген, ақын математик, философ, астроном. Осы күнге дейін мәні мен мағынасын жоймаған  философиялық, әлеуметтік астарға толы  төрт жолды  шумақтарымен  есімі мәңгі қалды )

          

Кәрілігім менің толы күнәға,

Маған кешірім жоқ, аяп мені осы керек пе?

Мен есуаспын, құдай тілін алмаған,

Ғұмырым өтті, бұзып тиым салғанды.

 

                                  ****** 

Жүрегім менің, іздеме босқа сен ізгілік,

Өтірік күшті, іздеме босқа сен шындық,

Жалғанға қарсы ешкімде ем тапқан жоқ.

Дұрысы көнген, іздеме босқа дәрі жоқ.

                                        

                                  ******

Біз қуыршақпыз, тағдырымыз оның қолында,

Бұл сөзімнің растығында, күмән бар ма?!

Біраз аунатып, ойнатып, өткен соң әркім мерзімі,

Сандығының түбіне тығады да тастайды. 

 

                                   ******

      

Айтар сөзім: Құдай өзі беріп, құдай  өзі алады, 

Неге солай  барлығына  құпия  болып қалады.

    Дәм - тұзым  мен ішкенімді көзбен өлшеп,

    Қалғанын кейде толық құймай тынады.

 

                              ******

   

 Көміңдер сүйегімді менің молаға,

 Құтқармас, сөз бен ешкім көз жасы,

 Күтіңдер сәл топырақ болып кеткенше,

 Содан кейін құмыра жасап қойыңдар.

                                                               

                                   ******

 

 Жүз жыл күл боп мен отта жанайын,

 Қорықпаймын түсіме кірген тозақтан.

 Қорқамын қайырымы жоқ жандардан,

 Өлген  артық жүргенше бірге солармен.

     

                               ******

                                     

Өмір  қысқа, өтеді де кетеді,

Қызығын көрде, оны күнде бағала, 

Қалай өмір сүрсең, ғұмырың солай өтеді,

Өмір туындың, оны бір күн ұмытпа.

 

 

 

Орыс тілді басылымдардан

 аударып ұсынған Салауат Кәрім 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5332