Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 7313 1 пікір 21 Шілде, 2015 сағат 12:46

БҮЛІКШІГЕ ДЕ БІРДЕЙ, БІЛІМДІГЕ ДЕ БІРДЕЙ СОТ. ӘДІЛДІК ҚАЙДА?

 

Қазақ жерін бір қауіпті елес кезіп жүр. Бұл - парықты ұлттар арасындағы түсініспеушілік қауіп...

Патшалық және советтік биліктің тұсында «аға» атанып, айтқанын алып үйренгендер, сөз жоқ, қазақтың еркіндігіне қуану былай тұрсын, көтере де алмай әлек...

Мысалдар мың-сан, соның біреуі мынадай: Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданының (бұл ауданның атын өзгертуге тиіс қазақ атқамінерлері адал нан жеп отырған жоқ. Қ.Ғ.) Д. есімді 36 жасар тұрғыны вахталық тәсілмен Мәскеуде жұмыс істейді екен.

Түсінікті ғой: мәскеуліктер өзге ұлт өкілдерін өлердей жек көруге дағдыланған. Ақ саусақ, арам тамақ, тақыр бас, қызыл шаш жалқауларға еліктеген әлгі Д. бір күні украинаның Луганск және Донецк облыстарында жатжұртқа барып ойран салып жүрген ресейлік сеператистерге көмектеспекші болады. Автобусқа мініп, сатылап жүріп қандастарына жетіп, Луганск әуежайы үшін кескілескен атыс­та жарақат алады. Бұдан кейін ресейлік орыстар қазақ жерінен келген қандастарын - менсінбеді ме, сенбеді ме, қорлады ма, – ол жағы белгісіз, әйтеуір Д. қайтадан Қазақстанға жеткен...

Д. жақында сотталды, заң бой­ынша 7 жыл қатаң тәртіпті бақы­лау түрмесінде қамауда отыруы керек еді, кенет, қаралаушы немесе айыптаушы прокурордың жүрегі «жылып кетіп» жат елге барып, қолына қару алған адамға шартты түрде ғана 3 жыл сұрады. Бір «ғажабы» әдетте қабағын қар басқан сот бұған келісе кетті...

Есесіне, әлемжеліде ғана «Ре­сейдің ақпарат құралдарын Қазақстанда таратуға тиым салу керек» - деп, жәй ғана өз пікірін айтып, сөз айтқан (Ескерте кетейік: Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны, азамат Д. секілді бөгде елдің ісіне араласып, қолына қару алып, соғыспаған. Қ.Ғ.) Батыс Қазақстан облысының тумасы, ұлты қазақ, «Мұхтар Айжан» атты логині бар қандас бауырымыз «Ұлтаралық қатынастарды қоздырды» деген баппен айыпталып, 3 жыл бас бостандығынан айырылды.

Осы екі үкімнің қайсысы әділдікке жатады?..

Қазақша айтқанда: «Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылып» тұрған жоқ па?..

...Меніңше, қазақ пен өзге ұлттың арасындағы түсінбеушіліктің басы - Кремльден бастау алып, кішкен­тай кеңседе қозып жатыр. Мысалы, күні бүгін біздің атажұртына келген оралман қарындасымыз әрі қандасымыз, 4 сәби қазақтың анасы Эльвира ҚАДЫРОВАНЫ орыс тілін білмегені үшін қазақ емес басшылары уақытша жатақханадан қуып шығып, жұмыстан босатып жіберіпті.

«Ата-бабамның ата қонысына жат ұлттың тілін білмегенім үшін қорланамын, өзге ұлттар­дан азап көрем деп көшіп келгенім жоқ! Маған өзгелерді айдап салып, төрт адамға ұрғызды...» - деп, намыстанып, өз құқын қор­ғауға ұмтылып, небәрі жұмысы­на Келісім-шарт қана сұраған Эль­вираны мұрындарына есек­құрт кіріп, кімнің нанын жеп жүр­ген­дігін ұмытқан зорлықшыл бас­шысымақтары: «Ұжыммен сиыспады» – деп міңгірлейтін көрінеді...

Сонда әлгі басшысымақ-келім­сектер қазақтың қызын қандай «қызметтен» қуып отырғанын білесіз бе? Эльвира Қадырованың «қызметі» – еден жуушы...

Қазаққа еден жууды бермей, қазақтың жеріндегі баспанасынан (жатақхана) қуатындай бұлар кімдер?!.

Айналайын, бауырлар­ым! Біз ата-бабасының туған топы­рағында бір қазақты да қорлатпауымыз керек! Әр қазақ­қа қиянат - бар қазаққа жасалған қиянат, деп түсінуге тиіспіз. Қандасымызға жасалған зорлықтың – күні ертең өз басымызға жетуі әбден мүмкін!

Құқық қорғау орындары, әсіре­се, ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлтаралық қатынастардың аса нәзік мәселе екендігін ескеріп, ерекше сақ әрі мұқият болуы керек, деп ойлаймын.

 

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3217
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5262