Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4319 0 пікір 26 Қараша, 2015 сағат 10:53

АСТАНА МӘСКЕУ МЕН АНКАРАНЫ "ҰСТАМДЫЛЫҚҚА" ШАҚЫРДЫ

Астана Ресей мен Түркияны "қайғылы оқиғаға жауап қатуда ұстамдылық танытып, жағдайды шиеленістірмеуде барлық қолдан келетін шаралар мен жолдарды пайдалануға" шақырды. Туралы Бұл сәрсенбі күні Қазақстан сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде айтылады.

Министрлік "Түркия-Сирия шекарасында ресейлік әскери ұшақтың атып түсірілуіне" орай өкініш білдірген. С ыртқы істер министрлігі бұған қоса "ұзақ жылдар бойы қалыптасқан" Ресей-Түркия қарым-қатынасының нашарлауына "кәдімгідей алаңдайтынын" білдірген. Астана ұшақтың атып түсірілуі антитеррорлық кампанияның тиімді жүруіне де әсер етуі мүмкін дейді.

Түркия 24 қарашада Сириямен шекарада Ресейдің Су-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген. Анкара Ресей ұшағы "елдің әуе кеңістігін бұзды, ескертуді елемеді" деп мәлімдеген. Бірақ Мәскеу ұшақ Сирия территориясында болғанын айтып, Түркияның әуе кеңістігін бұзғанын жоққа шығарады. Ресей президенті Владимир Путин ұшақтың атып түсірілуін "ту сыртынан соққы беру" деп атады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339