ЖАНАРМАЙ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Қазақстанда бензин акцизінің мөлшерлемесі 4 мың 500 теңгеден 10 мың 500 және 11 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Бұл жөнінде Қазақстан үкіметінің арнайы қаулысы шықты.
Құжатқа сәйкес, бензин өндірушілер жанармайдың бір тоннасына енді 10 мың 500 теңге төлейтін болады. Қаулы 25 қарашада күшіне енеді.
4 қыркүйекте Қазақстан үкіметі дефициттен қашу үшін АИ-92/93 маркалы бензин бағасын реттеуден бас тартқан болатын.
Абай-ақпарат