ЕЛІМІЗДЕ ЕЭО-мен САУДА АЙНАЛЫМ 21 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) арасындағы сауда айналымы үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 7 млрд 805,9 миллион долларға жеткен. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 21 процентке кем.
Қазақстанның экономика министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы 9 айда экспорт 26,8 процентке төмендесе, импорт 18,2 процентке азайған.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстаннан ЕЭО-ға негізінен табиғи шикізат жөнелтіледі. Ал Қазақстанға әріптес елдерден көлік және құрал жабдықтары, минералды өнімдер, химиялық өндіріс өнімдері және дайын сайда тауарлары әкелінеді.
Абай-ақпарат