Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Жаңалықтар 3545 0 пікір 12 Қараша, 2015 сағат 11:24

ТМД-ның ШЕКАРА ӘСКЕРЛЕРІ ҚОЛБАСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСТІ


Бүгін Астана қаласында Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Директорының бірінші орынбасары – Шекара қызметінің басшысы, армия генералы Владимир Кулишовтың төрағалық етуімен өткен ТМД-ға мүше елдердің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің кезекті 74-мәжілісі өз жұмысын аяқтады, – деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

 

Мәжілісті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Әбіқаев ашты. Төраға өз сөзінде ТМД-ға мүше елдердің сыртқы шекарасында қалыптасып отырған жағдай шекаралық қауіпсіздікке төнуі мүмкін қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру үшін күш жұмылдыруды талап ететіндігін атап өтті.

– Бүгінгі күні трансшекаралық сипатта белең алып отырған құқық бұзушылық іс-әрекетердің нақты деректері мен орындаушыларының тарапына әскери және оперативті-іздестіру шараларын өзара бірлесіп   жүзеге асыру бойынша қарым-қатынасты барынша тығыздандыру қажеттілігі күн санап артып отыр,  –  деді Комитет басшысы.  – Бұндай жағдайларда ынтымақтастық жөніндегі біздің ұстанымымыз тұрақты, кез-келген деңгейдегі конструктивті қарым-қатынасқа біз әрдайым дайынбыз. 

Мәжілістің жұмысына Достастық елдері шекаралық мекемелер басшыларының және Шекара әскерлері Қолбасшылары кеңесі Үйлестіру қызметінің 9 делегациясы, сондай-ақ, ТМД-ның өзара әрекеттес органдарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шекара мекемелерінің басшылары күн тәртібіне 12 сұрақ шығарып, солардың әрқайсысы бойынша тиісті шешімдер қабылдады.

Мәжіліске қатысушылар кең форматта өткен жыл бойынша ТМД-ға мүше елдердің сыртқы шекараларындағы шекаралық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер мен оның ықтималды даму беталысын талдап, Қолбасшылар кеңесі жұмысының 2015 жыл бойынша қорытындысын шығарды, сондай-ақ, қалыптасқан жағдайдың жаңа элементтерін ескере отырып, өзара бірлескен іс-қимылдардың басым бағыттарын айқындады.

Кеңес мүшелері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу бойынша негізгі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы; қылмыспен өзара бірлесіп күресу шараларының 2014-2018 жылдарға арналған; ТМД-ға мүше елдердің Есірткі және психотроптық заттардың, олардың шикізаттарының заңсыз айналымымен күрес, есірткі пайдаланушылыққа тосқауыл қою бойынша 2014-2018 жылдарға арналған; лаңкестікпен және өзге де зорлықшыл экстремизм белгілерімен күресбойынша 2014-2016 жылдарға арналған; адам саудасымен күрестің 2014-2018 жылдарға арналған; заңсыз миграцияға тосқауыл қою бойынша 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекетаралық бағдарламаларының негізгі ережелерін жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастық жөніндегі ақпаратты жоғары бағалады.

Мәжіліс барысында, оған қатысушылардың назарын ерекше аударған мәселелердің бірі –  «ТМД-ға мүше елдердің сыртқы шекараларында туындауы мүмкін дағдарысты жағдайларды тарқату бойынша өзара көмек көрсетуде мемлекеттердің шекаралық және өзге де мекемелерінің бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» мемлекеттер басшыларының Шешімін жүзеге асыру механизмдерін қарастыру болды.

Өзара тиімді серіктестікті нығайту мақсатында, Қолбасшылар кеңесі мәжілісінің барысында «ТМД-ға мүше елдердің шекаралық саладағы басшылық құрамын дайындау, кәсіби тұрғыда қайта дайындау және квалификацияларын көтеру бойынша» базалық ұйымының іс-әрекеті туралы Хаттамаға қол қойылды.

Мәжілісте қарастырылған өзге де сұрақтардың қатарында – Қолбасшылар кеңесінің жұмысын жоспарлау, ТМД-ның шекаралық мәселелер бойынша нормативтік құқықтық базасын инвентаризациялау, шекаралық қауіпсіздік саласындағы талаптардың бұзылуы үшін жауапкершіліктерді реттеу бойынша құжаттар жобалары жайлы мәселелер болды.

Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесі 74-мәжілісінің қорытындылары бойынша бірқатар маңызды мәселелер шешімін тауып, бірлескен шешімдер қабылданды.

Ұйымшылдықтың жоғары деңгейін, өзара түсіністік пен достықтың көрінісін паш еткен бұл басқосу, ТМД-ға мүше елдердің сыртқы шекарасын күзету жүйесін жетілдірудегі тағы бір маңызды қадамға айналды деуге толық негіз бар.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің кезекті 75-мәжілісі 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Ташкент қаласында өткізіледі деп жоспарланды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3290