Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Уақ-түйек... 3350 0 пікір 12 Қараша, 2015 сағат 03:00

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ШЕТЕЛДІК ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қала әкімі Германиядан келген делегацияны қабылдады. Ален қаласының басшысы және Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы жетекшісі қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қабылдауында болды. Арнайы қабылдау барысында қос тараптың өкілдері неміс тілінде еркін пікір алмасып, екі ел арасындағы бірлескен іс-шаралар жобасы мен өзара ынтымақтастық бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.

Шымкентте қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған муниципальды полиция қызметін жасақтау тақырыбы да сөз болды.

Өз кезегінде, Ғабидолла Рахматоллаұлы екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас ахуалын жоғары бағалап, жергілікті өзін-өзі басқару саласында ұйымдастырылған семинарға арнайы келгені үшін шетелдік өкілдерге алғыс сезімін жеткізді.

Сондай-ақ Ғабидолла Әбдірахымов Түркиядан келген инвесторлармен кездесті

Қала әкімі Түркияның Алматыдағы бас консулы Рызак Ахан Йылмаз бен вице-консул Алпер Алтай жəне атташе Осман Элгунмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас жайы сөз болды. Түркиялық инвесторлардың айтуынша, қазақ-түрік елдерінің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие.

Айта кетейік, түрік инвесторлары алғаш болып Шымкент қаласының даму концепциясына қызығушылық танытуда. Қала әкімі шетелдік инвесторларды жаңа заман талабына сай құрылатын «Shymkent city»  заманауй тұрғын-үй ауданының жобалық сызбасымен таныстырды. Өз кезегінде, түрік елінің өкілдері ел аумағында теңдесі жоқ халықаралық үлгідегі аквапарк пен "Дисней Ленд" жобасына өз тарапынан қатысуға дайын екендігін жеткізді. Қазақ елінің үшінші мегаполис қаласы атануға талпынған Шымкенттің жарқын келешегін бағамдай келе, қонақтар сөзін «Шымкент – Қазақстанның гүлденген, өркендеген өмірінің символы болып қала береді» - деген жоғары рухты сөздерімен тәмамдады.

Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының баспасөз-қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3290