ЖОЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ЖАҒАСЫНА ЖАРМАСҚАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ
Шаһардағы «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу акциясы жалғасуда. 10 қараша 20:00-05:00 аралығында Шымкенттің Әл-Фараби ауданы жол бөлігінде өткен рейдттік шарада 51 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. 7 автокөлік айыптұрағына тоғытылды. 10 автокөлік жүргізушісіне заңдық түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.
Шаһардағы «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу акциясы жалғасуда. 10 қараша 20:00-05:00 аралығында Шымкенттің Әл-Фараби ауданы жол бөлігінде өткен рейдттік шарада 51 жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды. 7 автокөлік айыптұрағына тоғытылды. 10 автокөлік жүргізушісіне заңдық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға қалалық ішкі істер басқармасына қарасты Әл-Фараби аудандық жол полициясының қызметкерлері жұмылдырылды. Д.Қонаев даңғылы бойындағы тексеру шаралары барысында қызметтік бабын асыра пайдаланған полиция қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметтегі ағайын-туысынан араша сұрағандар қатаң қадағалауға алынып, тәртіпке бағынбағаны үшін хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Тіпті, Т.Рысқұлов көшесі бойында бір азамат пагондыларға қарсылық танытып, жағасына жармасқан жағыдай орын алды. Нәтижесінде, тәртіп бұзған азаматтың жеке басы анықталып, тиісті әкімшілік жазаға тартылды.
Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сай жүргізіліп жатқан «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық рейдттік шарасы алдағы уақытта әлі де жалғасын табады. Түні бойы жол күзеткен шараның түпкі мақсаты—құқық қорғау саласы қызметкерлерінің қоғам алдындағы беделін қалыптастыру, сол арқылы қоғамдық ортадағы заң бұзушылықты азайту болып табылады.
Abai.kz