Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3980 0 пікір 5 Қараша, 2015 сағат 12:31

НУЛАНД: РЕСЕЙ СИРИЯДАҒЫ АУЫР АРТИЛЛЕРИЯНЫ КЕҢЕЙТТІ

АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды шенеунігі Виктория Нуланд Ресей Хомс пен Хама қалаларында ауыр зеңбіректерін кеңейтуде деп хабарлады.

"Мәскеу Сирия қарулы күштерінің көтерілісшілерге қарсы шабуылына қолдау көрсету үшін құрлықтағы әскерінің санын өсіріп жатыр", - деп атап өтті АҚШ мемлекеттік хатшысының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Виктория Нуланд.

Ол сонымен бірге Мәскеудің Сириядағы "адамгершіліксіз" әуе кампаниясына күніне 2 миллионнан 4 миллион долларға дейін қаражат жұмсалатынын тілге тиек етіп, бұл кампанияның әуе соққыларының дені азаматтық тұрғындарға қарсы бағытталғанын жеткізді. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371