ОҚО: ҚҰЖАТТАРДЫ ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ АЛУҒА БОЛАДЫ
Шымкенттіктер ендігі жерде құжаттарын үйден шықпай-ақ алуына болады, - деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай мүмкіндікке ие болу үшін «жедел түрде ХҚКО» көмегіне жүгіне аласыз. Облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Серік Ауғанбаевтың айтуынша, мұндағы мамандар күні бүгінге дейін 500-ге таяу қала тұрғыны мен 800-ден астам мемлекеттік қызмет түрлеріне интернет көмегі арқылы құжат рәсімдеп үлгеріпті.
«Жедел ХҚКО» қызметіне жүгіну үшін кез-келген жеке тұлғаның мүмкіндігі бар. Яғни, сіз үйде отырып-ақ, ХҚКО қызметкерлеріне электронды-цифрлық қолхат арқылы құжат дайындауға өтініш беруіңізге болады.
«Жедел ХҚКО-нан» қандай да бір құжатты рәсімдеу қажет болса, 1414 тегін қоңырау байланыс нөміріне қоңырау шалыңыз. Сіздің өтінішіңіз 72 сағат уақыт ішінде толық жүзеге асады.
Бір сөзбен айтқанда, сіз осы амал-шарттар арқылы ХҚКО-ның 191 қызмет түрін пайдалануыңызға болады. Сондай-ақ, сіз өзге тараптан сыбайлас жемқорлық және құқықбұзушылық іс-әрекеттерін байқаған жағдайда, 117 немесе 144 сенім телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңызға да мүмкіндік бар.
Анықтама үшін:
ОҚО ХҚКО – 21-46-79.
Абай аудандық ХҚКО – 21-46-38.
Әл-Фараби аудандық ХҚКО - 39-51-02.
Еңбекші аудандық ХҚКО - 41-06-46, 41-06-88.
Қаратау аудандық ХҚКО - 77-06-65, 77-06-67.
Мұндай мүмкіндікке ие болу үшін «жедел түрде ХҚКО» көмегіне жүгінгеніз жөн. Облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Серік Ауғанбаевтың айтуынша, мұндағы мамандар күні бүгінге дейін 500-ге таяу қала тұрғыны мен 800-ден астам мемлекеттік қызмет түрлеріне интернет көмегі арқылы құжат рәсімдеп үлгеріпті. Алда бұл көрсеткіш еселене түсері сөзсіз.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі
Abai.kz