Сенбі, 28 Қыркүйек 2024
46 - сөз 4284 0 пікір 19 Ақпан, 2016 сағат 15:45

ӘКІМ ЕСЕБІ - СПЕКТӘКЛ


Облыс әкімінің есеп беруіне кешігіп келген танымал журналист ағамызды есік қорығандар кіргізбей кідіртіпті.

Ағамыз да жәй тұрмай, "Әй, өзі спектәкіл нақ осында болып жатыр ма?" деп гүр ете қапты. Ана байғұстар шырылдап "Аға, ақырын. Спектәкілі несі, бұл Бәленше Түгемшиевичтің есепті кездесуі" десе бұ кісі саспай:

- Жоқ, қарағым. Қазіргі таңдағы ең күшті спектәкіл осы болып тұр. Залда орын жоқ қой, қарашы,- деген екен...

Қалмағанбет Мұхаметқали

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір