ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕРКЕКСІЗ БАЛА ТАПҚАНЫ ЖӨН БЕ?
Жасанды жолмен әйелдерге баланы сый ретінде тарту немесе еркектің ұрығын сату жайлы. Бұл сұмдықтың көкесі. Біз Қазақ жеті атамызбен мақтанамыз. Ал мына қаскөйлік әрекет қанымызды бұзады.
Өйткені еркексіз бала тапқысы келетін ақылды қатын қай ұлттың еркегінің ұрығын бойына ендіретінен хабардар болса да, мәңгілік күмәнда қалуы ғажап емес. Оның үстіне кеше бір еуропа нәсілдес еркек өзінің әлемде 800 баласы бар екенін айтып мақтанды. Ал енді оның балалары бір-біріне үйленсе “қан бұзылды” деген осы емес пе ағайын?!. Қымбатты әйелдер, еркектерден қашып, еркексіз бала туатындай не көрінді сонша... Бірде “Көкпар” бағдарламасында бір әртіс әйелдер "тек күшті, қуатты, жалынды еркектердің ұрығына табынуы тиіс" дегенді айтып қалды. Мұндай сорлы теорияларды талай азаматтардан естіп жүрміз. Бұл дүниеде Алла сорлы мен күштіге де ұрпақ таратуға мүмкіндік берген. Әрине эволюция заңы бойынша ұрғашылар күштілер мен әдемілерді таңдайды. Дегенмен де, қалай ойлайсыздар ағайын, әйелдердің еркексіз бала тапқаны жөн бе...
Дәурен Мұқанов
Facebook-тегі парақшасынан